Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Төле бидің Қазыбекке айтқан сөзі

Төле би · 2 мин оқу

Төле бидің өзіне аумай тартқан бір ұлы 25 жасында кайтыс болады. Сонау Арқадан өзінің досы Қаз дауысты Қазыбек көңіл айтуға Түркістанға келе жатады. Қазыбектің келе жатқанын естіп, Төле би жылап жатқан ағайындарды тоқтатып таратыпты. Жақын жанкүйер мен қатын, бала, қыздарын да тоқтатып тастайды.

– Көптен бері көрмеген жан жолдасым. Қаз дауысты Қазыбек келе жатыр дейді. Берік болындар, сыр алдырмаңдар, – деп Қазықұрттың жайлауында жатқан жылқыдан ту бие алдырады, Бөген-Шаянның сазына ақ үй тіктіріп, Қазыбектің алдынан екі жігітті тостырып, өзі алдынан шығып күтіп алады. Қазыбек жағы құшақтасып көрісіп, көңіл айтады. Төле би іштей қабылдаса да, сыр білдірмей, қайта көңілді сыңай білдіреді. Төле бидің бәйбішесі, өзге бала-шағасы, ағайын-жұрты да жылап-сықтамайды, бәрі жылы шыраймен Қазыбектерді сыйлап күте бастайды. Қазыбек жағы аң-таң, істің аяғын бағайық деген оймен отыра береді. Ал, Төле би болса, сән-салтанат құрғызып, ақын-жыршыға ән-жыр шерткізеді, өздерінің өткен-кеткен өмірлерін еткен билік, төрелігін айтып, екі күндей әңгіме-дүкен құрады. Екі күннен кейін аттанарда Төле би:

– Ау, қадірлесім Қазыбек, бұйымтайың болса айт, – депті.

Қазыбек:

– Жүз көрген дидар ғанибет, ағаға сәлем бермек бізге міндет, – дей келдім, ешбір қалау жоқ, – депті.

Төле би:

Іздеп келер інің бар болса. Бақытың барын содан біл. Аңсап келер ағаң бар болса, Аруағың барын содан біл.

Аларды біліп, бермегеннен без,
Ел-жұрты қашып, ермегеннен без.
Үйіне қонақ қонбағаннан без,
Көптің айтқанына болмағаннан без,-
деп арғы атасы Жаныстан қалған наркескен қылышты Қазыбектің алдына қойып, бұлғын ішік жауыпты. Жолдастарына асыл шапандар кигізіпті.

Сөйтіп, Қазыбектер енді жүрейін деп отырғанда, сырттан «Ой, бауырымдап» бір қауым ел ат қойып кеп қалады. Екі жақ азан-қазан құшақтасып көрісіп көңіл айтысып жатады. Қазыбектер де олармен қайта көріседі. Енді кәдімгідей көңілдері босап, көздеріне жас алады. Қариялар тоқтам айтып, Құран оқиды. Қазыбек біраз сөйлеп болады да, сөзінің соңын:

– Ау, Төке, тұғырдан ұшқан сұңқарыңа.
Тұмұйық жұтқан тұлпарыңа.
Түбін берсін Құдайым!
Сіздей қазақ болар ма,
Ойламайтын уайым.
Қош аман бол, арысым,
Тілектес боп тұрайын! –
деп түтіндеп аттаныпты, – деседі ел.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз