«Жем терген жалпақ елден, мен бір тауық...»
Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 6 жол
Жем терген жалпақ елден, мен бір тауық,
Докторым, емдеймісің емін тауып?
Қаттырақ жауырынымнан қыса түссе,
Жүрекке болмас па екен үлкен қауіп?
Емдетпей, ерлік етіп жүре берсем,
Кетпей ме тұла-бойға түгел шауып?