Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Жамбыл өлең айтпайды жантайған соң...»

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 12 жол

Жамбыл өлең айтпайды жантайған соң,

Жалқауырақ тартыппын қартайған соң.
Көңілсіздеу секілді көрінемін,
Дос алыстап, қасымнан жар тайған соң.

Тарыншақтау мінезім – ұрысқақтау,
Еріншектеу болыппын – тырысқақтау.
Айқайласа жүйріктей бүйірі қызған,
Ақын-ақ ем бір күнде ұрыншақтау.

Жас баладай ілезде кетем қалғып,
Қартайған соң бір ұйқы алған аңдып.
Жазуыңды, Ғали-ау, қоя тұршы,
Шаршаңқырап отырмын басым мəңгіп.

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 94 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері