Кәденжан
Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 12 жол
Кəденжан, қайдан келдің күндей болып,
Жаңғырып, таудан шыққан үндей болып.
Анда-санда көргенде мауқым басып,
Риза болып, қаламын көңілім толып.
Жақсы менен жаманның түрі басқа,
Қонып алып, таранар тоты тасқа.
Қасың қара, болғанда мойының қаз,
Жарықтығым, мауқым бас – аралас та.
Қарасаң көзің күндей күлімдеген,
Бір серпіліп қаламын үніңменен!
Көзің қырын сала жүр, жарықтығым,
Біз де жігіт болғанбыз дүрілдеген.