Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Өмір жыры

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 90 жол

Өшпейді халық жыры, қартаймайды,
Өшед деп оны ешкім де айталмайды,
Халықтың жүрегінің түкпірінен
Төгілген күй – шын жорға тайпалмайды.
Алтындай ел ішінде сақталынған
Сұлу жыр, судан тұнық, шайқалмайды...

Еске алсам ертегідей ертені өткен,
Талай жан жүрегінің жырын төккен,
Еңіреп ен даладан бақыт іздеп,
Таба алмай Асанқайғы аңсап өткен.
Құландай тақтан безген Қорқыт қаңғып,
Кездеспей көрден басқа ол да кеткен.
Еске алсам аңсағанда екідегі,
Ертеде қиял нені көксемеді!
Кілемге отырып ап, көк сайрандап,
Сұңқарша ұшуды да көксеп еді.
Ол кезде патша мен хан зынданының,
Тұншыққан жырды бар ма ед ескергені?
Есімде ескі ертегі аңыз қылған,
Улы өмір жыланына шағылдырған,
Үскірік есіп тағдыр қара желі
Өкпемді қарып аяз қабындырған.
Жамбылдың жыр төгілген тілін байлап,
Үніне туған елін сағындырған.
Мен ұзақ өмір сүрдім, көпті көрдім,
Көргенді ойға түйдім, ойлай жүрдім.
Құзынан таудың биік шыңға өрлеген
Есіттім жырын ақын Шота ердің.
Кавказдың шыңыменен шендескендей,
Құлағым шалды иесін шерлі жырдың.

Жайнаған Грузиннің жас ұлына,
Көз түсті тауда жортқан асылына.
Түнерген тау басына тұмандайын
Ізіндей я жолбарыс жасырына.
Шотаның шырқап салған жыры арналған,
Келешек жас өспірім ғасырына.
Ысқырып өрмелеген тау мен тастан,
Мен көргем абжыланды сұры қашқан,
Жүректің оттан ыстық тəтті жырын,
Өршігіп сөндіруге тасқын тасқан.
Жортқан жолбарыстай ақын Шота
Халқына тəтті жырын алып ұшқан.
Жайлаған жылан-шаян тау құлады,
Патша өлді, еркін ақты тау бұлағы
Құйылған бұлақтайын халық жыры,
Маржандай таудан шашқан саңғырады.
Ақынның жүрегінен шыққан өлең
Шарықтап ұшты, ұқсап тау қыраны.

Жүз жылдап, жарық көрмей ой қиялы,
Жүрген кез есімде еді ойға оралды.
Даланың шөбі қурап ыстық күнге
Жатқан шақ шұбап жолсыз керуені.
Ашығып, азып-тозып жол шеккенде
Бораған алды, артынан ақ бораны.
Кімдердің өшпеді ол кез сағы сынып,
Кім өсіп еді ол кез, кімдер күліп,
Қоқырап жалсыз, қомсыз түйе үстінде,
Таңылып Тарас ақын ойға ұйып,
Езілген даладағы елді көрген
Самұрық екі басты жатқан бүріп.

Тараспен батқам мен де бірге мұңға,
Түйеге бірге мініп жүргем құмда,

Менің де, оның-дағы жырларымыз
Ол кезде жоғалған ед сіңіп құмға.
Жырымен тау жаңғыртып Пушкин де өткен,
Жүрегі жараланған ақын тұлға.
Пушкиннің сайрап кеткен жырын талай,
Шырқаған даланы өрлей ақын Абай,
Тамсанта Онегин мен Татьяна
Алабын Алатаудың əнге орай.
Туысқан халқыменен құшақтасқан,
Біледі Қазақстан туғанындай.

Жылдан жыл өтті ақын қиялындай,
Жамбыл қарт жырын таудың бұлағындай
Құюмен келе жатыр, туған елін
Аралап жаны шолпан шырағындай.
Қайрылмай ханнан өтіп, – таңға жетіп,
Кавказдың шарықтады қыранындай.
Күреске шақырмаған ақын ба ақын,
Ақын болса халыққа болсын жақын!
Жырласын ақын болса халық жырын,
Біздің даңқ Кремльдей болсын жарқын;
Нұр алып Кремльден гүлденген жыр,
Жырлаған көсем сүйген ұлы халқын.

Шота мен Абай, Тарас, Пушкин де өткен,
Халыққа құлаш жайып жыры жеткен,
Көксеген туған елдің күні Ленин
Ұрығын шын бақыттың халыққа еккен;
Жиһандық планеттің ол ақыны,
Жамбылдың ұлы əкесі нұрын төккен.

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 96 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері