Кененге
Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 11 жол
Кешегі анау, боз үйден,
Шыққан дауыс сен бе едің?
Бөдене мен тұрымтай,
Бұққан дауыс сен бе едің?
«Кенен, Кенен» деп жүр ғой, елдің бəрі,
Осы тойға жиналған жас пен кəрі.
Сəлем берсең, қарағым, сəлемет бол!
Ақындық Ораздан да үзілмеген,
Сарыбас, Əлмен бар ма еді біз білмеген?
«Бабаның батасынан» деген нақыл,
Жас жүйрікті жарамас тізгіндеген.