Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жайлауымыз – Құлансаз

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 28 жол

Таңнан соғып самалын,
Жайлау маған жанарын
Жадырата салғанда,
Түсіп əрне есіме,
Кəрілікпен көнеріп,
Қала қоймай үдеріп,
Самғай шыққым келді бір
Көк жайлаудың төсіне.
Таудың басын ораған,
Не бұлыңғыр, не тұман,
Тамаша ғой қарасаң
Қоңыр салқын кешіне.
Тауында мұз қыстаған,
Жазда шыбын ұшпаған,
Жайлауымыз Құлансаз,
Мыңғыртқан малын өсіре.
Жан-жағынан адамға,
Бақ берген біздің заманда,
Шығып осы жайлауға,
Жатамын бие байлатып.
Құлындарым тел өсіп,
Енесімен тең өсіп,
Ерге лайық тұлпар боп,
Даланы жүрсін шаңдатып.
Жұпар ауа, сары қымыз,
Бой балқытып бал қымыз, –
Жамбыл жатар жайлауда,
Домбырасын сайратып.

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 94 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері