Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тауда

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 8 жол

Мен бір шал тоқсан жасты құрдас еткен;
Тайғанап жүре алмаймын қия беттен.
Ел кезбей атқа мінбей, араламай,
Жатамын үйде тыныш сол себептен.

Бұл кезде белім бүкір, көзім бұлдыр,
Белге алып шыға алмайды тізе құрғыр.
Құлағым қаңылтырмен қаптағандай,
Ел сөзін естімейді қаңғыр-күңгір.

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 96 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері