Тәжібайға
Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 12 жол
Жасымнан атым аян Жамбыл едім,
Сүрінбес қара сөзге даңғыл едім.
Сөйлесем сары түнге шалдықпайтын,
Қақырап қайран даусым қалды менің.
Шалқыған аспан-көкке қайран əнім,
Шырқасам кіргізетін тойдың сəнін.
«Ə» десем, аузымнан бытырайды,
Шіркінге, не болғанын біле алмадым.
Тəжібай, саған қалай менің мұным,
Аулақта сұрайтұғын бұл бір сырым.
Əнді алған, əр нені алған сұрамастан,
Күнəлі, бəлкім бұған кəрілігім?