Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Мен де бір жас баламын қыңқылым көп...»

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 8 жол

Мен де бір жас баламын қыңқылым көп.
Сіркем бұл су көтермей, ыңқылым көп.
Жарқ етіп, жанымнан бір өтсейші деп,
Тұрады жас күніме ынтығым кеп.

Қураған жапырағым мен бір терек,
Томар боп сүйектерім қалса керек.
Жазда да жасаң тартпай отырғаным,
Тұр екен қай жерімде, шіркін жүрек?!

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 94 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері