Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Асау үйреткен жігіттерге

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 14 жол

Асау тайға мінуші ек,
Ауыл кезіп жүруші ек.
Атанушы ек «бозбала»,
Атағымыз сол ғана.
Неге екенін кім білсін?
«Не білім жоқ, еңбек жоқ»,
Құр əйтеуір көңіл тоқ,
Секілді едік буыршын.
Өмірді бос өткізіп,
Жұртқа қадір кеткізіп,
Жүрдік пе екен қыз үшін!
Сендер ондай болмаңдар,
Елдің қамын ойлаңдар,
Қылжақпастық құрысын!

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 94 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері