Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Аттан, батыр ұрпағым

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 79 жол

Екі он екі жыл өтті,
Жердің жүзін тебірентті;
Мұндай жылдар болмаған
Жаудыраған жанға нəубетті.
Жер жүзіне еркіндік,
Сəулесін сеуіп көркемдік,
Октябрьдің шұғыласы
Күркіреп күндей нұр төкті.
Жиырма төрт жыл өмірдің
Сəулетіне – көңілдің
Сезімін шертіп беремін,
Май айында биылғы
Мұнан да есіп мерейім
Болып ед елім келбетті
Жамбылдың да жүрегі
Өзгеше соғып ойнақтап
Шығарған жыр өрнекті.
Жазғыдан өмір өзгерді,
Өзгергенін көз көрді,
Зеңбіректен оқ атып,
Оғын қардай боратып,
Жау қол салып өңірге
Қырым мен шауып Карельге.
Денесіне елімнің,
Қанды сапты сапысын
Жендетіне серметті.
Жау бізге атой салса да,
Оқ жаңбырдай жауса да,
Октябрьдің мейрамын,

Біз сұстана тойлаймыз.
Жаңғыртқандай жер, көкті,
Бұл соғыста қайратты,
Көрсетіп құрыш айбатты,
Тулап теңіз тасқындай,
Күшіміз жауды басқандай,
Күшейтеміз күн-түні
Майданды да, еңбекті!
Айтылған халық ішінде
Кейбір сөздер есімде:
Жылға қойып мал атын,
Я болмаса аң атын –
Жылан жылы дейтұғын, –
Кейбір жылды жыландай,
Ұлу деп те атайтын –
Кейбір жылды ылаңдай
Бұл жыл биыл қатты жыл,
Атақты майдан атты жыл,
Төбесінен фашистің,
Оқ жаудырып бар күшпен,
Дүбіріндей тұлпардың,
Бұл жыл жауды жұлқар күн,
Сорғалап ұшып қырандай!
Мұнан бұрын жыр айтқам
Қаласына Лениннің,
Москва үшін жыр тапқам
Жүрегі болған елімнің.
Домбырамды күндіз-түн
Ыза кернеп шертіп тым,
Түн ұйқымды төрт бөліп,
Жата алмаймын оянбай!

Халқым үшін жырымды,
Шығармасам үнімді,
Тұрады мейірім қана алмай,
Қаһар төгіп дұшпанға
Өткен ата-бабамыз,
Жаудың темір құрсауын
Қырқуға амал табамыз!
Өрлетер бақыт сəулесін
Өркенді бала-шағамыз!
Игі өмірдің сəулесін
Ойлайтын жалғыз мен емес,
Жалғыз болар ел емес!
Жеңіс туы өзімде,
Өмір нұры көзімде,
Тағдырдың соққан сағатын,
Бақылап, тілін табатын,
Жарқырап күндей жанатын.
Жеңіс десе бар халық,
Қырандай қағад қанатын!

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 96 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері