Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Өлім мен өмір белдесті

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 57 жол

Аз сөйлеп, көпті болжаған,
Əріден терең ойлаған,
Сталин жолдас, қарағым,
Сөзіңді естіп сөйлеген,
Жүрегін түгел тербеген
Кəрі мен жастың, баланың!
Тебірендім қатты мен-дағы.
Күшімді жинап қайдағы,
Қаздаңдап бастым аяғым!

Сөзіңнен түгел түсіндім:
Жалмауыз жаудың пішінін,
Құбыжық түсті арамның!
Ел-елге салған тұмсығын,
Еттерін жеген кісінің
Нысабы жаман сұмырай!
Ерікті, бақты жоймаққа
Еліме ашқан аранын,
Бұл неткен қорқау қасқыр деп,
Бойымды билеп ашу, кек
Түнерді бұлтша қабағым,
Жайпауға құштар жан-жағын
Тоңмойын, дүлей жау мəлім,
Аямас күшін, амалын;
Боратып жатыр оқтарын,
Жаудырып жатыр доптарын
Бұзам деп Отан қамалын.
Қайтарып десін солардың,
Өтінде оқты боранның,
Халық үшін жанын пида етіп,

Аспан, жерді гулетіп,
Пəршелеп жаудың легін,
Талқандап танкі түйдегін
Тойтарған ерлер жау алдын,
Қаһарман батыр соларға,
Қуатты тірек боларға
Түгел шық өрен-жараным!
Жырымды жұртым енді есті:
Өлім мен өмір белдесті!
Не керек жанды аяуың,
Бұл жолдан қалған малың мал!
Бұл жолдан қалған жаның жан!
Не дейін айтып аяғын.

Қайраты құрыш халық ек,
Қамалды талай алып ек,
Жығып ек туын дұшпанның!
Ұран қып ұлы нұсқауын
Лениндей көсем дананың!
Тағы да берді нұсқауын –
Сол енді жұртым уставың –
Сайлаған жаудың ажалын!
Қан кешкен сонау майданда
Айбынды Қызыл Армия,
Орында түгел талабын!
Жібермес жауға ол кегіңді,
Жанындай қорғар еліңді,
Қанішер фашист жаулардың
Қуырар əлі-ақ заманын.

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 96 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері