Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Майданға хат

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 32 жол

Хаттарыңды алдым, балалар,
Қарадым қанша үңіліп,
Қаһарман іске барабар
Қайраттар қаулап тұр күліп.
Жауынгер балам Дүйсекей,
Командир балам Сахаров,
Сөздерің күшті бірегей,
Соққандай жауды жапырып.
Қиратып жауды салуға
Ұлдарым менің қам қылған,
Хабарлап соны Жамбылға
Хаттарың мейір қандырған.
«Құртамыз жауды! – депсіңдер,
Алынар ұпай, одан кек!
Күтеміз Жəке, жыр жібер,
Береді бізге ол көмек!»
Кəріліктің көнбей ырқына,
Жырлаймын жазғы жырды əлі.
Болысам жауды құртуға,
Қаһарман жұрттың ұлдары!
Белгілі маған биыл қыс,
Көрмеді дамыл балалар,
Алдырмай жауға еш тыныс
Қаздырды қардан молалар.
Тыныштық жырын бұзды жау,
Көп елге сойқан салды олар,
Кетпеді бірақ есен-сау,
Кезікті кекке қанқұмар.
Қаһарын төкті біздің ел,
Фашистер қылған қастыққа,
Қанынан жаудың ақты сел,
Қайтара қуды Батысқа!

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 96 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері