Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Төлеген ер

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 34 жол

Ерлікпен өлген еркін жас,
Арманына жетпеді.
Қайраулы тұрған еді алмас,
Оқыста сынып кеткені.
Кегін алар миллион жас,
Құрыштай қайнап кектері.
Арпалысқан дұшпанның
Қанын судай төккелі,
Жөңкіліп жау қашқанда,
Табылмас келген өткелі.
Қазақтан шыққан жас ұлан
Жалындады, жайнады.
Алтайдан ұшқан ол қыран,
Тұяғын өткір қайрады.
Болат еді-ау тұяғы,
Өткір еді қияғы.
Жауды алыстан болжайтын,
Көргіш еді қырағы.
Төлегендей батырға,
Не айтсам да сияды.
Жас та болса ерлігі,
Жүрегіме ұнады.
Атылып тұрған оқтан да,
Қайтпады ол, шыдады.
Қан төгіскен майданда,
Ерді халық сынады.
Майдандағы ерлігін,
Жамбыл көптен білетін.
Жанын қиды ел үшін,

Сондықтан жаным сүйетін.
Төлегендей батырды,
Өлді деуге келмейді.
Ер екен тапқыр, ақылды,
Ерлігі оның өлмейді.

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 94 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері