Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алатау

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 32 жол

Тізілген таулары бар Жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың.
Дариядай сол таулардан тулап тасып,
Көресің тамашасын аққан судың.

Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін;
Өрік, алма, алмұрт, жиде-жемістер көп,
Бір татсаң, аузыңнан дəм кетпейтін.

Қарлы тау басы биік мұнар кетпес,
Сырласып бұлттарменен болған кептес.
Түрлі аңдар мекен етіп, өніп-өсіп,
Жүреді бір-бірімен боп тілектес.

Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып,
Тулаған, аққан бұлақ тасқынында
Асаудай ойнақ салар балық шолпып.

Етегі сол таулардың мидай тегіс,
Тегіс жер гүлін жарған миуалы егіс,
Еліне мекен етіп еңбек қылған
Жегізер аямастан түрлі жеміс.

Алатау Жетісумен құшақтасқан,
Еліне мекен етіп еңбек қылған
Бауырында Қазақстан астанам бар –
Ағайын орыс, қазақ араласқан.

Жайлау бар бұл тауларда шөбі шалғын,
Көк майса ойы, қыры бəрі балғын,

Қызығын сол жайлаудың көрем десең, –
Шөбіне бауырың төсеп жатып алғын.

Ар жағы – қаптаған ел Қытай жері,
Бер жағы – ен жайлаған қазақ елі,
Басында бақыт жырлап Жамбыл отыр,
Желбіреп қызыл жалау шығыс белі.

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 96 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері