Қаракөз (III түрі)
Үкілі Ыбырай · 1860–1930 · 12 жол
Шіркін-ай, жақындығы қандай еді,
Құрбының өзі теңдес маңдайы еді.
Ахау айым, Қаракөз айым,
Кез болған кезең жерде, сəулетайым.
Бағдат шаһарында гүл жазира,
Мақсатқа жетемін бе, уа, дариға.
Ахау, бұлбұл, мойның бұрғыр,
Бұралып тал шыбықтай жолда тұрғыр.
Лағыл тас су түбінде жатады алтын,
Суының беті жылы, түбі салқын.
Суынан сол лағылдың сүзіп алып,
Азырақ көрер ме еді рахатын.