Ақлима қызға айтқаны
Үкілі Ыбырай · 1860–1930 · 8 жол
Көңілім жабырқайды жаман десе,
Өмірім жарқырайды аман десе.
Кісіге сенен өзге мойын бұрман,
Таласса нұры көкке, маған десе.
Сарқырап менің сөзім таусылмаған,
Ақиық мұзбалақпын саңқылдаған.
Күніне тыным таппай сілтесең де,
Мұқалмас қылыштай мың жарқылдаған.