Қаракөз (II түрі)
Үкілі Ыбырай · 1860–1930 · 15 жол
Ақ алма, қызыл алма жемедің бе,
Тəтті алма шықты қайдан демедің бе?
Жүгіртіп бір баланы жіберіп ем,
Шырағым, неге келдің демедің бе?
Аппақ етің қояндай,
Шошып сəулем оянды-ай.
Ғашық болған Қаракөз,
Қызығыңа тоя алмай.
Ей, сүм біл шаш,
Қаракөзім, тəтті-ау сөзің.
Білсейші келгенімді жалғыз өзің.
Қарағым, сен ар жақта, мен бер жақта,
Ойнайды торы арғымақ тал шарбақта.
Ойымнан жатсам, тұрсам бір кетпейді,
Сенімен қосылсам деп қай уақытта.