Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Топан (1-бөлім)

Қашаған Күржіманұлы · 1841–1929 · 164 жол

Ноғайлының елінде,
Үшқиянның жерінде,
Асанқайғы бас болып,
Қайғыменен өтсе де,

Нарынды тастап кетсе де,
Құтты екен бұл қоныс:
Баққан қойы бүркіттей,
Дулығасы үйген іскірттей.

Кәрі биесі жал алған,
Нарлары семіз қом алған,
Кәрі саулығы шайлаған,
Еркек қой мен тоқтысын

Шаруасы ерте байлаған.
Ерлері бар еді егескен,
Дұшпанымен шенескен.
Абыройы асқардай,

Не жақсымен теңескен.
Құбарлан ертіп, құс салған
Лашын, сұңқар ұстаған.
Елеуретіп екі жүйрік жетектеп,

Сулығын алтын бедерменен кердірткен,
Жалын сабау тіспен тердірткен.
Мынау Еділ мен Жайық, Жем екен,
Бұл жетімдерге жем екен.

Шөбі малға май болар,
Аш-арыққа жай болар.
35 Еділ, Жайық, Маңғыстау аймағы
36 Құмай тазы

Қашаннан да бұл қоныс
Құтты болған жер екен.
Өзегі де қайырлы,
Аш-арығы сүйреп жейді екен

Бекіре менен жайынды.
Балқашын орып мал жеген,
Аралас үйрек-қаз жеген.
Малының жақын өрісі,

Құлынның ұзын желісі.
Еділ мен Жайық, Нарынның
Осылай екен келісі.
Және бір жайды айтайын:

Ноғайлының елінде,
Үшқиянның жерінде,
Еділ мен Жайық кеңінде
Талай хандар шалқыған,

Шалқыған хандар алқынған.
Едіге ерді кем көріп,
Тоқтамыс елі шарпылған.
Басында бақыт тұрғанда,

Кәпірдің жұрты қорықты
Орақ, Мамай даңқынан.
Алшы, Смайыл, Қалусарыдан –
Бақыт бұлардан да арылған.

Патшалар да ауған тағынан,
Мыңғырған малды байлардың
Қоңсысы кеткен жанынан.
Батырлар да өтті аруақты

Қанжығасы қанға малынған,
Берік сауытын жамылған,
Дұшпаннан кегі алынған.
Он сан ноғайлыны басқарып,

Телағыс, Орақ, Мамай, Асанқайғы атам –
Олар да кеткен екен ғой
Мынау көлденең жатқан Нарыннан.
Мынау бір өткен уақиға,

Бұдан да хабар берейін:
Тайшық ханның елі толғанда,
Тай тулап талқан болғанда,
Орманбет ханның елі толғанда.

О да келіп бір күні,
Тай тулап талқан болғанда,
Бір құтырған құртқа жолықты,
Орманбет хан сол кезде

Қайтерін білмей торықты.
Бүлдіруге көп елді
Сол құрт себеп болыпты.
Арша деген ағашқа

Бір бозторғай келіп қоныпты.
Сол ағаштың бойынан
Құтырған құртты қағып жеп,
Құтырып торғай шырлайды,

Көкке қарай зырлайды,
Қанатын сілтеп пырлайды.
Өзінен зордан қаша алмай,
Жүрегін торғай баса алмай,

Шарықтап жүрген бүркітке
Шапқан екен торғай тайсалмай.
Оқиға бұрын болған көп,
Ойласаң, шығар түрлі кеп.

Қара бүркіт құтырды,
Әлгі бозторғайды қағып жеп.
Құтырып бүркіт желденді,
Еділге қарай еңменді.

Ұлы Еділдің бойында
Жүзіп жүрген нән балық,
Салған екен соған шеңгелді.
Нән балық жанын қарманды,

Желігіп келген бүркітті
Жұтып салып, жалманды.
Бір шай ішім мұрсат болмады,
Нән балық та құтырып,

Суға сыймай сандалды.
Желігіп балық сандалып,
Жағаға шықты қайырлап, –
Қайырлап жатқан балықты

Су жағалап қыдырған
Көрген екен батыр Сайынжап.
Балықты жеді елі алып,
Жеген елдер құтырып,

Біреулерді біреу жеп,
Азайған сөйтіп көп халық.
Бұл қоныста көп еді
Талай бір толып шалқыған.

Жем аяғы пайда деп,
Келуші бұл жерге
Мал іздеген талапкер
Ырғыз бенен Торғайдан,

Қара өзен мен Сары өзен,
Ішкі орданың халқынан,
Хиуаның түрікпен, сартынан,
Пайдалы деген даңқынан.

Қайтушы еді еліне,
Мекен еткен жеріне,
Амал жұлдызын атқарып,
Ақшаға жаны толулы,

Әбден жолы болулы,
Азаматтары мақтанып,
Келгені жаяу аттанып,
Көңілдері шаттанып.

Жем аяғы бұл күнде
Толығып еді мал айдап,
Төрт түлік дәулет – қара айдап.
Сарытау, Самар, Қазаннан

Талапқа келген саудагер,
Бұ да көкке қарады,
Қазына жинап сарайлап.
«Сахараның елі шашық, – деп,

Баруға алыс, қашық, – деп, –
Шаңды аяқ елге бармалық,
Келе алмаспыз асып»,– деп,
Кемітуші еді жек көріп

Қой баққанды қорлық деп,
Наданның сөзі зорлық деп
Сахараның елін көшпелі.
41 Март айы

Бүгін де бұлар талаптан
Ақша тапты есептеп.
Мамықтан жақсы төсек деп,
Тасқандардан сөз шықты,

Сиырдан жақсы есек деп.
Көп болды сондай тасқандар,
Әлдерін білмей асқандар.
Пиғылынан солардың,

Қабыса жаздады аспан, жер.
Тәкаппарлар көп еді,
Төгілуге, сірә, дөп еді.
Бұл арада мал тапқан

Бір шүкірлік қылмады.
Бір азамат ерде дәулет кем болса.
Қабаннан жаман Қарынбай
Жан екен деп оны білмеді,

Көзіне тіпті ілмеді.
Мінейін деп, базардан
Жүз теңгеге ат алды.
Киейін деп, базардан

Қашаған Күржіманұлы өлеңдері

Барлық 35 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері