Қарасай – Қази (6-бөлім)
Қашаған Күржіманұлы · 1841–1929 · 170 жол
Қалаға қарсы барғанда
Қатындар қалар, ер барар.
Соған барған аламан
Қарық олжаға мол болар.
Батыр екеуі екі түрлі хабар айтқаннан кейін, жұрт
қалаға апаратын жол болса, қаланы қалай да аламыз
дейді. Батырлар Тама мен Тарғынның бастауымен,
қолдарына шамшырақтарын алып, Орақтың жолымен
қала жаққа шығады. Батырлар байқап қараса, Тама
батырдың айтқанының бәрі рас болады. Бұл уақыттарда
қалмақтар жауды көріп, соғыс дабылын қағып, дайын
тұрған мергендер ата бастайды. Қамалға кіруге ешқандай
мүмкіншілік болмайды. Сондықтан атақты батырлар ат
тарын жеңілдеп, қалаға лап қоймаққа қам жасайды. Со
нда қаланың ішіне бару үшін тұлпарларын әуелі сорға,
сосын орға, сосын торға, сосын қалаға секірту арқылы
жететін болады. Сөйтіп қалаға бір кіріп, бір шығып
жүргенде, ту алып жүрген Әділ жоқ болып шығады.
Және әскер көп қырғынға ұшырайды. Сонда Қарасай
қалаға тоғыз кіріп, Әділден еш дерек таба алмай (екеуі
өмірлік бірін бірі жауға тастамасқа серт етіп дос болған
екен), жауға ұстатпай жүрген Әділдің Ақтабан тұлпарын
алып шығады. Бұл сапарда батырлар қаланы ала алмай
ды. Бірақ батырлардың елге тигізген пайдасы – егер бір-
екі күн кешіккенде, Күзбан хан жорыққа жүріп кетеді
екен. Батырлар жорыққа дайындалғандарының үстінен
шығады. Содан Күзбан: «Біз ноғайлы елін нашар ел ғой
деп жүрсек, олардың да мынадай батырлары бар екен», –
деп, батырлардан қорқып, енді шабуылға шықпай қалады.
Бұл батырлар тағы да қайтып келер деп, дайындығын
күшейте береді. Қарасай қалған әскерімен елге қайтады.
Қарасайдың еш затпен ісі болмай, өзінен-өзі қамығып,
Әділдің Ақтабанын жетегіне алып, әскердің ел шетін
ала отырып жүре береді. Әскерлер бірнеше күннен кейін
елге жақындайды, бірақ мұны Қарасай байқамайды.
Елде Әділдің шешесі төбеге шығып, күнде баласын
қарайды екен. Бір күні қарап тұрса, төбеден құлап келе
жатқан көп әскерді, әскердің ел жақ бетінде Әділдің
Ақтабанын жетелеп келе жатқан Қарасайды көріп,
әскердің санының бұрынғыдан азайып қалғанын біліп,
баласына бір сойқанның болғанын біледі. Сонда кемпір:
«Көрініп барып сұрасам айтпас, не де болса, тосын сұрап,
састырып айттырайын», – деп әскердің жолына жасыры
нып, Қарасай тұсына келе берген мезгілде, атының тіз
гінін ұстап, баласын сұрағаны екен:
Уа, шырағым Қарасай,
Аман-есен келдің бе?
Қалмақтың жауын көрдің бе?
Менің Әділ сұлтан жанымды
Жауға тастап келдің бе?
Иә болмаса, шырағым,
Өз қолыңнан көмдің бе?
Қарасай досты сен едің,
Әуре бейбақ мен едім.
Екі көзім еңіреуде,
Қайғымен уайым жеп едім.
Сен қасында бар болсаң,
Кешегі Әділ сұлтан, қарағым,
Жауда қалмас деп едім.
Сол бойыма біткенде,
Балалы пілді асырап,
Пілдің сүтін ішкен де мен едім.
Қарасай, айтшы шыныңды,
Мен алайын тынымды,
Қорқып тұрмын, қарағым,
Көрген соң сенің түріңді.
Әуре қылмай, шыныңды айт,
Қай жаққа тастап келесің
Менің Әділ сынды ұлымды? –
деп айтқанда, Қарасай жалт қараса, Әділдің шешесі
екен. Сонда: «Балаң жауда қалған жоқ», – деп үйіне қарай
кете берген. Өзінің үйіне келгенде, алдынан шешесі
шығып, мына сөзді айтқан еді:
Мына сөзді естігеннен кейін, Қарасайдың шешесіне
берген жауабы:
Аруақты қарт ана,
Ақылға кәміл сен дана.
Мен өзім теңімнен кем болып,
Жамандармен тең болып,
Дұшпанға қылған қайратым
Сонда қалды шен болып.
Әділімнен айрылып,
Жез қанатым қайрылып,
Жасыған жездей майрылып,
Осы күнде келемін
Қас масқара мен болып.
Өртенді бауыр-үйегім,
Қайғыменен күйемін.
Тоғыз қайтара ат салдым,
Сонда да көре алмадым оның сүйегін.
Қамалға қанша кірсем де,
Әділімді көрмедім.
Қайратымнан не пайда,
Соның жатқан жерінде
Мен де жатып өлмедім!
Енді қашан көрермін?
Бір көрмесем – өлермін.
Таңда мақшар күнінде
Тар көшенің жүзінде
Бір көрсем, сонда көрермін.
Сонда соқыр кемпір ойлайды: «Бұлар Әділді өлді
деп, күдерін үзіп келген екен. Әділ менің көрген
түсім бойынша өлген жоқ сияқты еді. Шешесі жылап
жартыған шығар, көңілін көтерейін», – деп бір адамға
жетелетіп келсе, Әділдің шешесі абысынын көріп, мына
сөзді айтқан көрінеді:
Айналайын, ене-еке,
Мен өз теңімнен кем болып,
Пақырлармен тең болып,
Дұшпанға қалдым жем болып.
Әділімнен айрылып,
Жез қанатым қайрылып,
Осы күні отырмын
Қас масқара мен болып.
Жүруші едім сағынып,
Болармын адам неғылып!
Кешегі менің жалғызым
Жатыр ма екен жерге бағынып?
Қалды ма екен жалғызым
Ақ кіреуке жамылып?
Қолдан жуып қоярға,
Үйде де өлмеді қағынып.
Кезіп қайда барайын,
Қайдан ақыл табайын?
Маңдайсыз болған арлы қыз,
Сені қайтіп бағайын?!
Бір үйдегі бір-екі жан,
Қайткенде бабың табайын?
Әділ менен Қарасай
Жүретін еді тең болып,
Қалғаны рас тағы айрылып.
Бір көрінсең көзіме,
Өкпемді алып қағайын.
Қара тамақ қамы үшін
Қай есікте жүрермін?
Дорба салып мойныма,
Қайдан тамақ тілермін?
Таяқ алып қолыма,
Неғып жаяу жүрермін?
Жетім қызды құшақтап,
Неғылып дәурен сүрермін?
Қарағым келіп қасқайып,
Құдай-ай, қашан күлермін?!
Енді қайтып баруға,
Жүрегі де қайтты бұл елдің,
Айналайын қарағым,
Артыңда қалған ағаң жоқ,
Жалғыздықтан жаман жоқ.
Иә болмаса, Құдай-ай,
Артыңда қалған балаң жоқ,
Көкіректе алаң жоқ,
Тым болмаса, қарағым,
Артыңда қалған інің жоқ,
Мен сорлыда тыным жоқ.
Халқым қалды қаласыз,
Мен сорлы қалдым баласыз.
Бишара болған сорлы қыз,
Сен де қалдың ағасыз.
Адыра қалған ақ Орда,
Әділім саған кірер ме?
Арқасы құтсыз Ақтабан,
Әділім саған мінер ме?
Ауылымның үстіне
Билер кеңес құрар ма?
Билер басы құралып,
Көңілімді сұрар ма?
Отырсам, неғып тұрармын,
Қарағым еді-ау тұрағым.
Қарағым аман келеді деп
Естір ме екен құлағым?