Қарасай – Қази (7-бөлім)
Қашаған Күржіманұлы · 1841–1929 · 185 жол
Алладан үміт үзбейін,
Саламат жаны бар болса,
Бір күні келеді дағы шырағым.
Сонда соқыр кемпір абысынына мынадай сөзді айтқан
екен:
Жылама, байғұс, жылама,
Жылағаннан пайда жоқ,
Көзіңнің жасын босқа бұлама.
Қаза мен бейнет әуелден
Әр пендеге сыбаға.
Жалына бер, шырағым,
Жаратқан Жаббар Құдайға.
Тұлпарың кетті желіңнен,
Айбарың кетті еліңнен,
Қуатың кетті беліңнен.
Кімнің көзі жетіпті,
Көрген түсім шын болса,
Әділің аман еді-ау өлімнен
Сен Әділден кетпе түңіліп,
Екі көзің көр болар,
Жолына қараймын деп үңіліп.
Қарауыл қарап кеткенде,
Жолға талап еткенде,
Енді өлмей неткен деп,
Мына кілең боқ жаман
Келіп тұр ғой одан түңіліп.
Жолда жатқан асқар тау,
Жоғалды белден қылыш бау,
Жаулаған талай қалмақ жау,
Тоғыз жыл жатып зынданда,
Орақ пенен Ер Мамай
Олар да келген бір күн аман-сау.
Қалды деп балаң налыма,
Көзі ұйқыда жатқанда
Үңіліп едім жолына.
Ұшып барып тап болды
Қамалдың құрған торына.
Алыстан тұрып шақырдым,
Кешігіп қонды қолыма.
Әділ аман өлімнен,
Тағы да бір зат, сор маңдай,
Тап болмаса сенің сорыңа.
Төрт түлік қалды жиған мал,
Бұл сөзге айтқан құлақ сал.
Болмаса да Әділдей,
Бас-көз болар малыңа
Қарасай мен Қазидың
Екеуінің қалап бірін ал.
Бұл айтқан сөзді естіп, Әділдің шешесі: «Олай бол
са, баламның досы еді, Қарасайды алам-дағы», – деп,
Қарасайды алып отыра береді. Бұған да бір жыл толады.
Атақты батырлар жау жаулап, тарап кетеді. Бұл күндердің
ішінде Әділден ешқандай хабар болмады. Бір күні Әділдің
қарындасы Лия түс көріп, түсінен қуанып оянып, ұйықтап
жатқан шешесін оятып, мына сөзді айтады. Бұл кезде ше
шесі де түс көріп жатыр екен:
Түрегел, ана, түрегел,
Жаңа менің жан көкем
Қасыма менің келіп жүр,
Қолынан тағам беріп жүр,
Көтеріп алдына алып жүр,
Мойныма қолын салып жүр.
«Қарасайдай достым жоқ,
Көңілімде хоштым жоқ»,
– деп өртеніп, жанып-күйіп жүр.
«Торға түсіп қалдым», – деп,
Өзінен өзі налып тұр.
Кемпірдің сөзі:
Ұйықтап едім мен жатып,
Келіп жүр еді қарағым.
Қасыма менің сөз қатып
Және жүр еді қарағым.
Емшегімнен дәм татып,
Қойныма келіп бір жатып,
Сөйтіп жүріп айтып еді:
«Жатырмын қалмақ жерінде,
Жеті қабат темір үй,
Темір үйдің төрінде
Шынжыр арқандармен байлаулы,
Арқандар менің белімде.
Қарасайдай достым жоқ,
Көңілімде хоштым жоқ.
Кәдірсіз дос мен бе едім?!
Мал ішінен жоғалған
Бір жандықтай көрмеді.
Мен қиында жатқанда,
Мойнын тартар ер ме еді?
Лия мен қарт анам
Жылатқаны оның жөн бе еді?
Түсті көріп, Әділдің тірі екенін біледі. Батырларды
тағы аттандырып көрейік деп, елге сауал салады. Ел
дегі атақты батырлар тарап кеткен, елде тек Қарасай,
Қази қалады. Атағы шамалы батырлар бұрын жүректері
шайылып қалған, баруға батпайды. Сонда Қарасай, Қази
тәуекел етіп, жолға аттанады. Қази Әділдің Ақтабан
тұлпарын мінеді. Бұрынғы көрген жолы бойынша ба
рып қалаға тимей, сахарада жүріп, қалмақтың еліне күн
көрсетпейді. Содан ел запы болып, Күзбанға хабар бе
реді. Күзбан бұлардың екі бала дегеніне сенбей: «Бұлар
тек екеу болмас, бұлардың артында қолы бар болар, мы
налар соның шолғыншылары болар, – деп, – ұстап алып,
қызыққа батайық», – деп, барлық есікті ашып, әскерді
сырнай, кернейімен, иттерімен шығарады. Күзбанның өзі
тамашалауға еріп шығады. Сонда қалмақтың Әшке деген
батыры балдарды өзім ұстап аламын деп, бірінші кезекке
шығады. Сонда Әшке батырдың, өзінің сөзіне қарағанда,
түр-сипаты мынадай екен:
Күндік жерден әрмен ақырған,
Айбатыңа қарасаң,
Дүнияның жүзі қапылған.
Қырық қашыр екен көлігі,
Дәулер екен серігі.
Ашуланып балаларға,
Батырдың келді желігі.
Келе бере сөйлейді:
«Танимысың бабаңды?
Тарттырармын жазаңды.
Соны іздеп келіп жүрмісің –
Біздегі жатқан ағаңды?
Ноғайлы, қалмақ болдық қас,
Менің кеудем – темір, басым – тас.
Барасың қайда, екі жас?
Жерге түседі ғой домалап
Сендердің анау келлең, – бас.
Мен, мен едім, мен едім,
Мен қалмақтан шыққан ер едім.
Ноғайлының батырын
Қырып жүрген де мен едім.
Кеудем – темір, басым – тас,
Мен неғылған күнде тең едім?!
Сендер ат-жөндеріңді айтып білдірші,
Бүгін қайдан шыға қалған неме едің?
Сонда балалар сөйлейді:
«Ол айтқаның ып-рас,
Сенің кеудең – темір, басың – тас.
Тәңірім берсе тілекті,
Өзіңнің жерге түсер келдең – бас.
Сөйлейін сөзді жараса,
Қылармын саған тамаша.
Менің атымды сұрасаң;
Айдынды Орақ, айды Орақ,
Айбалталы қанды Орақ,
Аштархандай данды Орақ,
Атса, мылтық өтпеген,
Салса, найза теспеген,
Қылышпен шапса, кеспеген,
Әзір болған жарандар
Түк қасынан кетпеген! –
Мен аты-жөнімді айтайын:
Қази менен Қарасай!
Мен – сол Ер Орақтын баласы.
Көп айтып, алма мазамды,
Жеткізермін қазаңды,
Тартқызармын сазаңды.
Келбетіңе қарасам,
Жасың үлкенге ұқсайды.
Кезегіңді берейін,
Қалдырмай, етші маған жазаңды?
Мына сөзді есітіп,
Сонда қалмақ бұрқанды,
Буырқанып, бұрсанып,
Мұздай темір құрсанды.
Садағын қолға алады,
Толқып тұрған баланы
Толғай тартып қалады.
Қалмақтың атқан қол оғы
Темірге тиген кемедей
Қайтарып қайтып қалады.
Сонда Қарасай тұрып сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
«Мен де саржамды тартып көрейін,
Тәңірім берсе тілекті,
Қозы жауырын қол оқпен
Сыбағаңды берейін!»
Садағын қолға алады,
Толықсып тұрған қалмақты
Толғай тартып қалады.
Баланың атқан қол оғы
Аспаннан түскен жасылдай
Саулап өтіп барады,
Сол жерде қалмағың құлап қалады.
Енді келіп қос батыр
Ойранды жауға салады,
Сөйтіп жүріп сөйлейді:
«Әділ Сұлтан хан үшін