Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай – Қази (2-бөлім)

Қашаған Күржіманұлы · 1841–1929 · 189 жол

Садақтың оғын құйдырған,
Мылтық пенен зеңбірек,
Мұның дағын жидырған,
Атасы өткен Бүркіт хан,
Билеген елі бес мың сан,
Қаумасынан кетпеген
Бас көтерген мұсылман,
Дұшпанға қарсы шыққанда,
Оқ дәрісін арттырған,
Арбаға пұттап тарттырған,
Жөнелер кезде той етіп,
Ат бәйгісін шаптырған,
Бір параға нар беріп,
Бір параға ат беріп,
Бір параға сарпа жаптырған,
Байтақ малды сойдырған,
Астана жұртын тойдырған,
Аламанның сыртына
Күзетші, сақшы қойдырған,
Қара көңіл жаманды
Сағатқа қоймай, жойдырған,
Шариғаттан басқаны
Құлағына алмаған,
Өз көзімен көрмесе,
Айтқан сөзге нанбаған
Руза мен бес намаз
Біреуін қаза салмаған,
Уәде, қаулы етіссін,
Уәделерін бекітсін,
Сәлем хат осы жеткен соң.
Бүркіттің ұлы Ер Әділ –

44 Қымбат, асыл маталардан тігілген шапан

Бұ да қалмай, жаудан жетіссін.
Және дұғай сәлем айт,
Күндік жерден оқ атқан,
Атқан оғын алты қырдан әрі жоғалтқан,
Ерте тұрып, кеш жатқан,
Күндіз жүріп, түн қатқан,
Қабағына қарыс сүйемге жақын
Мұз қатқан, Айдаһармен, аюмен
Қойындаса келіп бір жатқан,
Айдаһардың ішкен су
Қордасынан келіп дәм татқан,
Астында мінген тұлпары
Қабан құлақ қараша ат
Дұшпанға қарсы шапқанда,
Қаршыға құстай парлаған,
Айдаһардың жүрегіне
Қолдарын салып барлаған,
Дулығалы бастарды көп кескен,
Дұшпанды көрсе, өштескен,
Менің жебедей жауһар қияғым –
Өлді деп тұр ғой Орағым.
Орағымнан қалған қарағым,
Айналайын Қарасай,
Аламаннан, қалқам, қалмай кел,
Қабыл болсын талабың!
Осы хатты оқығасын, атағы шыққан батырлар баруға
даярланып, қару-жарақтарын, әскерлерін дайындай ба
стады. Қарасайдың мінуге аты, тағынуға қару-құралы
болмайды. Қарасайдың ат алуға және пұлы да болмай
ды. Қарасай: «Бұл патша менің атымды тумай жатып
қайдан білді екен? Бүйтіп жұрт қатарынан қалғанша,
өлгенім артық қой», – деп, жұрттан жасырынып қашып,

екі ауылдың ортасындағы бір апанға келіп, жылап жата
ды. Қарасай жылап жата тұрсын. Ендігі сөзді Қарасайдың
шешесінен естіңіз.

Орақ батыр тірісінде Алауса-Масал деген қалмақтың
қаласын шауып, көп әскермен келе жатып, бір ауылдың
дөңіне келгенде, ол ауылдан бір қыз сияқты ақсақ әйел
адам дәретке барып отырған екен. Дәретін болып, жүре
бергенде, дәрет еткен жерінен аспанға қарай қара түтін
көтеріледі. Сонда батыр: «Апыр-ай, мынау тегін түтін
емес!» – деп, атын бауырға салып жіберіп келсе, жаңағы
қыздың дәреті жерді күйдіріп, түтіні аспанға шығып жа
тыр екен. Соны көреді де, батыр әскерін сол араға түсіреді.
Өзі қасына Қосай деген батырды ертіп, ауылға түсіп,
сұрастырып қараса, ауыл Шәлгез деген батырдың ауылы
екен. Қыздың оң қолы жазылмайтын бүкір екен, бір көзі
соқыр екен. Батырдың қызы бар дегенді естіп, байдың ұлы
мырза, бидің ұлы шора, әнші-домбырашылар айттыруға
келіп, көреді екен. Көрсе, әлгідей жеті мүшесінің үшеуі
жарымжан болғасын, алмай кететін көрінеді. Ауыл иесі
дана, қатыны өлген қырқар, тоқал құмар шалдар: «Бала
көтерсе, болады», – деп айттырса, оған қыз бармайды екен.
Сөйтіп жүргенде қыздың жасы қырықтың біреуіне келген
екен. Сонда Орақ батыр сол ауылда отырып қызбен бет
пе-бет сөйлесіп, оны әйелдікке сұраған. Сұраса, әкесі бе
рем деген, қыз да осы кісіге барам деген. Орақ батырдың
ол уақыттағы ойы: «Осы әйелден бала туса, өзімнің
аруағымды ұстайтын бала туар», – деп ойлап алған екен.
Бұл кісіден үш бала туады. Олар Қарасай, Қибат, Қази.
Шешесі үлкен баласы Қарасай апанда жылап жатыр деген
соң, өзі баласына келген екен. Сондағы айтқаны:

Пәруардігер Жасаған,
Өзектің жолын өртеттің,
Жүректі қайғы, дерт еттің.
Қарасайдай қарағым,
Ішкі сырыңды айтпастай.
Мұнша неге серт еттің?
Атаға тартпас жаман боқ,
Сенің жау жаулаумен ісің жоқ,
Саған тисейші жалғыз оқ.
Қарғаған қарғыс жетті ме,
Біреудің сөзі өтті ме?
Иә болмаса, шырағым,
Жасы кіші бала деп,
Біреу зорлық етті ме?
Неғылайын, Жасаған.
Бұл күндері болғанда,
Ақсұңқар құстың баласы
Құладын болып кетті ме?
Сенің атаң сұлу таңдаған,
Асылын жұрттың аңдаған.
Сонда менің аяғым ақсақ, көзім көр еді-ау,
Мені айттырып, соңымнан қалмаған.
«Асыл бала болар, – деп, –
Ажалым жетіп мен өлсем.
Аруағым сонда қалар!» – деп.
Сөйтіп алғаны мен едім.
Бір жеріңнен дәмем бар,
Сен бойыма біткенде
Айдаһардың мен жедім
Жауырыны мен төс етін.
Және алдырып бір жедім
Көзі менен ерінін,
Бұдан да жерік қанбаған.

Қанбағасын, қарағым,
Аюдың жедім қол етін,
Жолбарыстың жедім жон етін,
Пілдің жедім сан етін.
Атаға тартпас жаман боқ,
Жау жаулаумен ісің жоқ.
Төсекте жатып жылаумен
Өлер болдың ба, сен жетім?!
Отын алып от жақсақ,
Таяқ алып мал бақсақ,
Өз-өзіңе пышақ сал,
Қазаңнан бұрын өле қал,
Көре көрме тіпті ел бетін.
Мен өз-өзімнен еліктім,
Сен бойыма біткенде
Жеті айдаһар жыланның
Тірідей қосып басын бір шайнап,
Сонда қандырған бейбақ едім-ау жерікті.

Сонда Қарасай апаннан шығып, шешесіне сөйлейді:

Келіп тұрған қарт ана,
Ақылың асқан сен дана.
Айтпасам, нені білесіз,
Мен бүгін тойға барғанда,
Қатар-қатар ат келді.
Ат үстінде бір азамат –
Хабаршы бір адамзат келді.
Ұзындығы үш құлаш,
Көлденеңі бір құлаш,
Бойға таза сақтаулы,
Алтын сырмен қаптаулы,

Алақандай мөр басқан,
Оқыған адам адасқан
Бір қызыл мөрлі хат келді.
Оқытып, тыңдап қарасақ,
Қондыкердей ноғайлы
Патшаның жазған хаты екен.
Еліме қалмақ келді деп,
Аңсырап жүрген ерлердің,
Тілеуін Алла берді деп,
Күзбан деген күшті жау
Мұны келіп көрсін деп,
Тәңірім берсе тілекті,
Қозы жауырын қол оқпен
Сыбағасын берсін деп.
Ерлердің бәріне де сәлем жазыпты
Аруақты батыр баласы
Қарасай да қалмай келсін деп,
Атаға тартпас ұл болса,
Мал бағу үшін туған құл болса,
Үйінде жатып өлсін деп.
Мен сорлының атымды
Қағазға патша іліпті,
Патша қайдан біліпті?
Көрмесін патша жорықты,
Патша қайдан білді екен
Мендей жетім ғаріпті?
Барайын десем бұл жауға,
Атсыз қайда барамын?
Егерде атсыз жөнелсем,
Маңдайымды күн тесіп,
Табанымды жер тесіп,
Бір майданда қаламын.

Қашаған Күржіманұлы өлеңдері

Барлық 35 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері