Қарасай – Қази (3-бөлім)
Қашаған Күржіманұлы · 1841–1929 · 134 жол
Сонда кемпір баласының сөзіне қуанып: «Атың жоқ бол
са, атың табылады, азды-көпті малыңды бер, оған түспейтін
болса, қарындасың Қибат сұлу бар, бір жар қараның жет
песіне алса, мені де бер, қалайда ат тауып, жауға аттан,
қатарыңнан калма», – дейді. Бірақ бұл сапарға тек тұлпар
жарайтын болады. Сондықтан төрт жігітке ат қаратып жібе
реді. Және: «Тұлпарды сендер танымассыңдар, тұлпар деген
жусаған сағатта басын сауырына салып құс құсап жусайды.
Егер осындай ат табылса, арығына қарамай, саудалаңдар», –
дейді. «Басқа ат саудаламай-ақ қойың», – дейді.
Ат іздеген жігіттер бір жерде бір кәрі тарланның басын
сауырына салып жусап тұрғанын көреді. Атты елдің орта
сына қарай айдап келіп сұраса, бұл аттың иесі Көкшенің
ұлы Ер Қосай деген кісі екен. Қосай сол кезде тоқсанға
келіп, алжып жатыр екен. Қосайға келіп, атты сұрап
қараса: «Әлі жаудан ойым бар», – деп, атын бермейді.
Келген жігіттер ұзақ саудаласып, атты алатын болады.
Сонда Қосай Қарасайға мынадай сәлем айтады: «Менің
атыма 9 құл, 9 күң, 9 сусар тон және Ноғайлыдағы сұлу
қарындасы Қибатты маған тоқалдыққа береді», – деп
сәлем айтады. Қарасай осыған келісіп, атты алған екен.
Келген атты таң асырып байлап қояды. Таң ата Шолпан
жұлдыз белгі бере, бес қаруды белге, байлап, ат мінейін
деп келсе, қарындасы Қибат аттың шылбырын беліне
орап алып, мына сөзді айтады:
Ардақты ағам Қарасай,
Менен үлкен сен едің,
Сенен кіші мен едім.
Атам Орақ өлгелі
Қайғымен уайым жеп едім.
Атам тірі тұрғанда,
Қай қазақтан кем едім?!
Жамандарға көп едім,
Жақсыларға еп едім.
Атқа тұрман саласың,
Жалғыз тайға саудалап,
Мені сатып барасың.
Мен қарғасам – тай өлер,
Ит пен құсқа жем болып,
Бір жапан түзде қаласың.
Жүретін едім сағынып,
Жалғыз тайға сатқандай
Күнәлі болдым неғылып?!
Күнәсіз болсам, Қареке,
Сенің өлгенің жақсы қағынып.
Мырзаға көңілімді бермеген,
Сұмырай басым, қайтейін,
Бір алжыған қақбасқа
Қаламын ба бағынып?!
Алманың мойным сабындай,
Менен ару бар ма еді
Мүниям жатқан табыңда-ай?!
Ашпаған екен бағымды-ай.
Бір жаратқан Аллаға
Мендей жетім неғылды-ай?!
Маңдайым күндей балқыған,
Ажарым нұрдай шалқыған,
Қастарым қама құндыздай,
Көздерім Шолпан жұлдыздай.
Қасиетіме қарасам,
Атқа таққан андыздай.
Жылатып шалға берер ме
Мендей сұлу жалғызды-ай?!
Шал аузына қор қылма
Жауқазындай етімді,
Күн көрмеген бетімді.
Менің ағам сен болсаң,
Жаман көрдім ниетіңді.
Көп өтініш етемін
Тілімді алсаң, ағажан,
Жылатпа мендей жетімді.
Сонда Қарасай қарындасынан жеңіліп, тумаластық
еске түсіп: «Қарағым, сені жылатып кеткенше, жаяу ке
тейін»,– деп, аттан секіріп түсіп, бес қаруы белінде, жаяу
жүгіріп кетеді. Ел тоқтатуға қорқады. Шешесі мүгедек,
үлкен кісі ғой, қоштасып үйде қалған екен, соған халық
хабар береді. «Бір себеп болып балаң жаяу кетті, ол жауға
да, ауылға да жете алмайды, далада қалады», – деп хабар
лайды. Сонда кемпір тұра жүгіргенде, ұйықтап жатқан ба
ласы Қазидың басына сүрініп жығылады.
Сонда Қазидың басын ұстап отырып айтқаны:
Сонда ұйқыдан оянып, Қази ағасын сұрап, қалғанын
естіп, тұра жүгіріп келе жатып айтқаны:
Мына сөзді есітіп,
Ұйқыдан Қази тұрады.
«Қарекем қайда кеткен?» – деп,
Анасынан сұрады.
Сұрады да жылады,
Жылады да жүгірді.
Жүгіре-жүгіре келеді,
Бұ да жаннан түңілді.
Сөйтіп жүріп сөйлейді:
«Қолымнан кетті көмегім,
Белімнен кеттің, демеуім,
Алланың берген медеуім.
Жалаң аяқ, жалаң бас
Жүгіре-жүгіре келемін,
Әлде қашан көремін?
Көре алмай қалсам осыдан,
Қайғыменен қан жұтып,
Қайғырып мен де өлемін.
Ішіп-жеуге нәрім жоқ,
Бір жаратқан Алладан
Болмаса менің қорегім.
Айрылып қалдым мен жалғыз,
Алла қылды, амал жоқ.
Енді байқап қарасам,
Қарасай ағам маған жоқ.
Еңіреп қалған қарт ана,
Қарасай мен Қази саған жоқ.
Айбары едің елімнің,
Елімде сендей адам жоқ.
Халқымның кетті қаласы,
Айдаһардың кетті баласы.
Бастыратұғын болмады
Табандарымның жарасы.
Жасаған Жаббар Құдай-ай,
Бұл күндері болғанда,
Аңдып жүрген дұшпанның
Қанатын болды табасы.
Қази жылап келе жатқанда, алдыңғы кеткен Қарасай
шаршап-шалдығып, енді жүруге әлі келмей, табаны
тесіліп, маңдайы кесіліп, бар киімін шешініп, екі аяғын
көсіліп, майдан далада, тау шатқалды салада есі кетіп
еңіреп, аузын ашып отыр екен. Үстіне Қази келіп, екеуі
жарлылықты, жоқтықты айтып отыра береді.
Сонда қарындасы Қибат ауылда отырып әр түрлі
ойға кетеді. Қосайдың тарланын алып келген күні түс
көріп, бұл кеткенде Қарасайдың жауды жеңе алмайты
нын біледі. Қази да жаңа түс көріп жатқанда, шешесі оя
тып жіберген екен. Қибат ойлап-ойлап: «Атты апарып
берейін, көнсе екеуін, көнбесе біреуін алып қайтайын»,
– деп тарланға мініп, арттарынан қуып жетіп, Қарасайға
сөйлеуге қорқып, Қазиға айтқаны екен: