Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сараң сұпыға

Қашаған Күржіманұлы · 1841–1929 · 97 жол

Елден іздеп шыққаным
Ермағамбет молда еді.
Қанақа қаққан залымның
Пиғылы жаман, оңбады.
Тар пиғылын көрген соң,
Шал жыршың бұған қонбады.
Шет жерде жүріп сағынып,
Келгенімде тарығып,
Алыстан аңсап келгенде,
Тауым жаман шағылды.
Тәңірберген халқынан,
Біреу емес, жалпыдан.
Ауыл арасы болмаса,
Жиреншек екен Қосайдың
Біздей келген қартынан.
Сәбидей бізді көрмеді,
Керек десе, бермеді
Отқа көмген жарты нан.
Судан балық кеткен соң,

Жан екен қайыры тартылған.
Аштан өле жаздаған соң,
Бір бағыланын сойдырып,
Ірімшік, құртын қойдырып,
Рақаттанып тойындық
Сарбастың қатыны Алтыннан.
Тәңірберген халқында
Бөпежан деген бір байы
Парасатсыз жан екен,
Арпалысып қарпыған.
Қолынан келер нәрсе жоқ,
Әркімді сырттан шарпыған.
Қонақ келсе, күрілдеп,
Үйіне келмей, тартынған.
Біздерге дұрыс қарамай,
Бір шәйнек суға жарамай,
Балтабай мен Бөпежан,
Көре алмадым халықта
Ол секілді антұрған.
ЬІлғал жоқ деп үйімде,
Жасырды суын бар тұрған.
Өрісбайдың Байтүзел
Бір қозы ал деп арнады.
Алайын деп барғанда
Бермей кетіп, алдады.
Күзен тісті, қисық көз,
Сотанақ екен балдары.
Ұрлап алып қамшымды,
Сол қырсық естен қалмады.
Су ішінен итбалық
Бір мезгіл аулап келуге –
Сол екен байдың арманы.

Жұмағұл, Ибаш, Ағелек,
Қабандарым кеткен соң,
Таусылған ердің тамамы.
Біздің Тәңірберген халқында
Нешелер батыр өткен жоқ!
Аруақты ер де өткен,
Иллалаған пір де өткен.
Сол ерлерім барында
Дұшпанын қуды асырып.
Көк теңіздің үстінен
Ау салдырмай, қашырып,
Дарияның ішінен
Жау іздеген масығып.
Қай Адайдан кем еді
Кешегі Ырсалы, Досалы?
Ырсалы, Жаныш ар жағы,
Тұқымында бар ма осалы?!
Аманжан мен Байтүзел
Ұрпағы деп солардың,
Қайтіп жырға қосады?
Аманжанның үйінен
Барған адам қашады,
Сынды деп қазан-ошағы.
Тек Ұлмекен келіннің
Жазық екен қабағы,
Берекелі екен табағы.
Әйел де болса, сол екен
Бүкіл Тәңірберген адамы.
Шәйнегін шапшаң қайнатып,
Ұлықсатсыз ерінен
Бір бағыланын байлатып,
«Әтекелеп» жайды төсегін,

Бұл әтекем келер деп
Ендігі жерде неше күн.
Келмесе, ері құрысын!
Әйел де болса, қонақтың
Табады екен есебін.
Ұлмекен келін болмаса,
Басқасының байқадым
Пиғылы жаман, тар екен.
Малдыбайдың Балжаны
Жасы жеткен шал екен.
Өлісіне дұға етіп
Үйіне келсе, шамы екен.
Халық әдетін білмейтін
Көргенсіз өскен жан екен...

Қашаған Күржіманұлы өлеңдері

Барлық 35 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері