Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай – Қази (1-бөлім)

Қашаған Күржіманұлы · 1841–1929 · 184 жол

Өткен заманда Ноғайлы дәуірінде Құрманбай деген
бай болған екен. Өмірінің бойында ол кісіде ұл да, қыз
да болмапты. Күндердің күнінде әйелі жүкті болып, ұл
бала тауыпты. Баланың қуанышына үлкен той жасай
ды. Тойға қазақ-ноғайлы халқын түгел шақырады. Тойға
тігілген үй мен келген адамның саны көп болады. Адам
көп болғандықтан, көптің ішінде тентек пен теліден
қауіптеніп, тойды басқару үшін Қырымның қырық ба
тырын іздестіреді. Сұрастырғанда, олар әлі тойға келме
ген екен. Орақ батырдың өлгеніне бір жыл толып, оның
қазасына Орақ батырдың қабан құлақ қара атын сойып,
олар сонда жатыр екен. Екінші рет шақыртқанда, олар
тойға келеді. Тойдың басқару міндетін батырларға тапсы
рады. Қызық той бірнеше күнге созылады.

Бір күні түс қайта құбыла жақтан жұлдыздай
бұрқыраған шаң көрінеді. Ол бір атты кісі екен. Ол қазақ-
ноғай халқын түгелдей басқаратын Қондыкер деген
патшаның шабарманы болады. Шабарман осы көпшілікке
патшадан хат әкелген екен. Хатты беріп, өзі кейін ша
уып кетеді. Хатты азар дегенде шала сауатты бір шалға
оқытып көрсе, он екі баулы қазақ-ноғайды басқаратын
Қондыкер ханның хаты болады. Ханның хат жазу себе
бі мынадай екен. Мұсылманның Қондыкер деген ханына
қалмақтың Күзбан деген ханы: «Бүкіл еліңмен соғыс жа
самай бағын, болмаса қызыңды қатын, үйіңді отын етіп
шауып аламын, ұрысатын болсаң, қапы қалма!» – деп ха
бар салған екен. Содан Қондыкердің қалмаққа бағынғысы
келмей, Қырымның қырық батырына (бұның ішінде
атақтыларына) мына төмендегі мазмұнда жазылған хат

екен (және жауды қаласынан шығармай барып жойың де
ген екен):

Әуелі, дұғай сәлем айт,
Мекен еткен Еділ сағасын
Аузы түкті кәпірдің
Бітірмеген жарасын,
Аузы түкті кәпірдің
Еңіреткен қатын-баласын,
Ат үстіне мінгесін,
Қазақ бенен қалмақтың
Ашқан екен арасын,
Қысас болған қалмақтың
Талай жыртқан жағасын,
Көк Еділ мен Самардың
Кестірмеген ағашын,
Дұшпанға намыс бермеген,
Дұшпанның көңілін көрмеген,
Мылтық пенен зеңбірек
Оғы тисе де өлмеген,
Мұсылмандардың бәрін ес деген,
Ерлердің бәрін дос деген,
Кәпірдің бәрін өш деген,
Жазыммен тиген жалын от
Терісіне қажау салып теспеген,
Қызыл шұбар ту алған,
Алмасын қанға суарған,
Дұшпанын көрсе қуанған,
Елдің ішін толтырған
Қалмақтың қызы мен жуаннан.
Мұнартып жатқан дария,
Қатуланып ақырса,
Қара жер болды суалған,

Сүйініштің ұлы батыр Қазтуған
Сізге арнаған хат екен
Ежелден қапа болмаған.

Және дұғай сәлем айт,
Астына мінген ақтабан,
Ақтабаннан басқа жақпаған,
Дұшпанға қарсы шыққанда,
Ерлердің бәрі мақтаған,
Қорамсақ толы көп оғын
Алтынменен қаптаған,
Он жасына келгесін,
Төсекке түзу жатпаған,
Бір өзінің дәл басын
Мың кісіге шақтаған,
Аламан қырмен өргізсін,
Әскерін қырмен жүргізсін,
Менің жазған бұл хатым
Іркілмесін барғасын,
Қалмақтың қара қошқыл ханына
Суарсын келіп алмасын, –
Көгістің ұлы Ер Тама,
Бұ да келсін, жаудан қалмасын.

Және дұғай сәлем айт,
Мүниям байтақ шәрінен
Дию, кәпір бәрімен
Жалғыз өзі жау болған,
Қырылған әскер сүйегі
Асқарала тау болған,
Бұлағай салып бу етсе,
Бұдан да аман сау болған.

Барлардың қара тасын атып сындырған,
Халықтың көңілін тындырған,
Ханның да көңілін тындырған,
Ханның қызы Ақжүніс
Ат сауырына мінгізген,
Шағаннан қалмақ сайланған,
Қалмақты қойдай айдаған,
Балқашқа малды кіргіздің,
Ноғайға дәурен сүргіздің,
Алты мыңдай келген қалмақтың
Бәрін қоймай бір жойдың,
Неғыларыңды өзің біл,
Мөр басылды қағазға,
Қарсының ұлы Ер Тарғын,
Атыңды жазып, қол қойдым.
Және дұғай сәлем айт,
Анасы өткен ақ Меңді,
Ол бойына біткенде,
Толғатып тұрған қырық күн,
Қайғы жеп еді күн мен түн.
Қорамсақ толған көп оқты
Ор аузына төккен ер,
Мұсылмандардың қамы үшін
Қиындық, жапа шеккен ер,
Атқан оғын сұрасаң,
Алты қырдан әрмен зулатқан,
Астына мінген тұлпарды
Шабуылмен қунатқан,
Байласын белге алмасын.
Арып-ашып талмасын,
Атақты ердің баласы

Нәріктің ұлы Ер Шора –
Бұ да келсін, жаудан қалмасын.

Және дұғай сәлем айт,
Аламанды бастап меңгерген,
Ерлердің бәрін тең көрген,
Дұшпанның бәрін кем көрген,
Көк сүңгісін алға өңгерген,
Талай жерден жол көрген,
Садағын сала байланған,
Астана жұртын айналған,
Қылжуырдай қисайған,
Қалмақты қырса, тыншайған,
Ар алған талай қамалдан,
Мұсылманның батпай жатқан жауынан
Оза шауып талай жол алған,
Аттанды деп есітіп
Қорыққаннан ерлерім,
Кетпей тұр аузым тобамнан,
Кетпей тұр қолым жағамнан,
Сәлем хат осы жеткен соң,
Аламанды бастап келер деп,
Дәмелі болып мен тұрмын
Қарт Нәрік сынды ағамнан.

Және дұғай сәлем айт,
Қалмақтың алған елдерін,
Елін жаман бүлдіріп,
Тартып алған жерлерін,
Тартып алып, меңгерген
Дария шалқар көлдерін,
Менің келді жансызым,

Есіктегі күңменен.
Құл болмаса қойдағы,
Қалмақтардан бұл күнде,
Бізге қарай бағыттап,
Аттанды деп айтып тұр
Қыбырлап жатқан аймағы.
Мына сөзді есітіп,
Есіме түсті қайдағы –
Бұ да келсін батырым
Қыдырбайдың ұлы Ер Қобылан,
Туа бастан ер болған.
Ерлігінің белгісі –
Қолына талай ел қонған,
Оза шауып олжа алған,
Жасанған жауға қол салған,
Айдарлысын құл еткен,
Тұлымдысын күң еткен,
Алдына айдап мал салған,
Қайратың қандай хансың деп,
Иә бір қыбырлаған жансың деп,
Сәтемір хан мен Сәтті хан –
Екі бірдей ақсұлтан,
Екеуіне де хабар жар салған.
Алмасын шапса – кеседі,
Жау көрсе – көңілі еседі.
Қайратын көзім көрген жоқ,
Қыдырбайдың ұлы Ер Қобылан,
Атын айтып әркімдер,
Мұны да Қобылан, Қобылан деседі.
Және дұғай сәлем айт,
Алтын сарай ішіне
Ерлердің бәрін жидырған,

Қашаған Күржіманұлы өлеңдері

Барлық 35 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері