Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адай тегі (2-бөлім)

Қашаған Күржіманұлы · 1841–1929 · 162 жол

«Мұсылман көрсе, алсын», – деп,
Көрініп көзге жатқандай
Баланы жерге тастады.
Мұны ешкім білген жоқ еді,

Үйге қайтып келеді.
Енді қыз әкесі байдан хабар береді.
Біреуі бай баталы,
Біреуі төре аталы,

Қашаннан сыбай қатары.
Түнде екеуі кеңесті,
Кеңескенде не десті?
«Бүгін үйде жаталы,

Ертең Алла жол берсе,
Жер қаралық», – деп еді.
Ерте мінді атына,
Жас сәбидің үстіне,

Әкелген кім ед бастап-ай?
Алла айдаса, не сөз бар,
Шыққан жоқ бұған қастап-ай.
Шырылдап жатқан далада

25 Матаның бір түрі
Байдың көзі түсті балаға.
Сәбидің дауысын есітіп,
Бай шошып кетті далада.

Сонда тұрып бай айтты:
«Мынау жатқан жас бала,
Бұ не деген масқара?
Үстінде бар қарақұс,

Мұндай бұйым бар ма еді
Сіз бен бізден басқада?»
Сонда тұрып төре айтты:
«Тақсыр, бұған шошыма,

Бермесе Алла осындай,
Келетін бе едік бұл жерге,
Бізді айдаған екен осылай».
Атынан түсіп, төре алды,

«Ұл бала екен», – деп алды.
Бұрынғы қарттар салған жол,
Төре берді, бай алды.
Сөйтіп үлгі етіпті

Бір-біріне байлауды.
Сонда тұрып бай айтты:
«Төре берді – алғаным,
Білмеймін мұның ар жағын.

Таза сақтап өсірсем.
Алла бергей ақиретте
Сауабының салмағын.
Жақсы болса, ұл болар,

Жаман болса, құл болар.
Далаға тастап кетпейін,
Залалы тиіп жүрмесін
Бүл балаға таудағы

Қасқыр мен түлкі, қарғаның.
Көп ойлансам, өлер, – деп, –
Жанына зақым келер», – деп,
Тапқан ақыл ойменен,

Қызғындаған бойменен,
Сөйтіп үйге барады.
Сол күні жатып қалады,
Ертеңіне тұрады.

Асылы ноғай халқынын, –
Шежіресі қолында
Әспембет деген бір қарттың
Құлағына барып салады,

Әспембет тарих қарады,
Шежіреге көзін салады.
Әспембет қарт айтады:
«Ей, Қыдырқожа байымыз,

Осы ма келген жайыңыз?
Шын сөзіме наныңыз,
Сөзімді бұлдап алыңыз.
Бұрынғы өткен қарттардан

Естігенім бар еді,
Кетпесе шығып жадымнан.
Келіпсің, тақсыр, мұнда, – деп, –
Құлағыңды сал шынға, – деп, –

Он төрт қабат жер мен көк,
Жаратылған нұрдан, – деп, –
Атамыз Сафи, Салолла,
Жаралған топырақ, құмнан, – деп,

Хазіреті Шейіш пайғамбар,
О да жаратылған
Бір Алланың ішінен,
Рақым еткен күшімен

Бір тамшы тамған судан, – деп.
Әр нәрсе солай болатын,
Алланың еткен ісімен.
Естуіңіз жоқ па еді:

Хазіреті Айсаны
Мариям ерсіз туған, – деп
Ол күндегі пендеге
Ғайыптан талай бала келіпті

Мезгілсіз туған бір күннен.
Жалтыраған сәулеге
Жеті қабат жер астында
Сарайдың іші толыпты.

Онан Дүйім Баян хан
Бізге келіп жолықты.
Оның туған анасы,
Жеті қабат жер астында

Ұнамалы бір қыз көрікті.
Құданың жазған Құран тұр,
Құраннан егер қарасаң,
Көрініп бізге тұрған кеп.

Төрт кісі анық көрмесе,
Шадаһатын бермесе,
Айтқан екен хадисін
Шаддад мына зина деп,

Көрмеген нәрсе күмән деп.
Егер үждаһат етсең күмәнға,
Боласың кәпір жүдә деп.
Өнген жері арам ба,

Қара судан қолың жу,
26 Куә
27 Пайғамбар сөзі
28 Қатты

29 Жеңіл жүріс
30 Талақ ету
Садақа бер де, көңілің жу.
Тамшы судан жаралып,

Өскен жоқ па қара ну?
Су бетінен қаймақ жеп,
Естуіңіз жоқ па еді,
Балапан тапқан қаз бен қу.

Құлақ қойдың ба сөзіме,
Зейін қойдың ба өзіме?
Топырақ пен күлге аунап
Жұмыртқа тапқан тауық бар

Құдіретін бір Құдай
Көрсеткен жоқ па көзіңе?!
Аққа бала аманат,
Ақ сақтағай саламат,

Тәрбиелеп таза бақ.
Ақырында ақтығы
Дұғашы болар өзіңе».
Сонда Қыдырқожа сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:
«Олай болса, Әспембет,
Болған екен жолым, – деп, –
Он күнде менің тойым, – деп,

Сол тойымда болың, – деп, –
Шапан киіп, ат мініп,
Көтерілсін бойың, – деп. –
Жерден тапқан баланың,

Әшкере қылып халқыма,
Атын келіп қойың», – деп.
Содан біздің атамыз
Ұлы думан той қылды,

Жылқы мен сиыр, қой қырды
Астана елді шақырды,
Бүкіл қазақ жиналып,
Тойға сыймай қапылды.

Тарқайтын тойдың соңында,
Әшкере етіп халқына,
Әспембет азан шақырды,
Адай деп қойды атымды:

«Тазбенен болсын егіз, – деп,
– Бір емшегі таздыкі,
Бір емшегі мұныкі,
Егіздетіп еміз», – деп,

Шақырып алып тапсырды
Таз шешесі қатынды.

Қашаған Күржіманұлы өлеңдері

Барлық 35 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері