Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай – Қази (5-бөлім)

Қашаған Күржіманұлы · 1841–1929 · 118 жол

Құлақ салсаң, ерлерім,
Атамнан қалған есімде,
Көріп тұрмыз бүгін бесінде.
Бұл бағытқа жүргенде
Кездесер деп еді Бұлдыртау,

Қарасайдың мына сөзін естігеннен кейін, батырлар ойға
қалады. «Мына Қарасай Орақ батырдың баласы еді, осыны
ортамыздан хан сайлайық. Орақ батырдың аруағына тап
болармыз» деп ойлайды. Сөйтіп, орталарынан Қарасайды
хан сайлайды. Сонда бір батырдың тағы бір айтатыны
болды. Ол: «Қарасайдың айтуы бойынша, мына жолдан
өткенде әскер екіге бөлінетін болып тұр, сондықтан екін
ші әскерге хан етіп Бүркіт ханның ұлы Әділді сайлайық»,
– деді. Бұны батырлардың бәрі қуаттады. Әскерді екеуі
тең бөліп алып, жүріп кетеді. Қарасайдың айтқанындай,
бір жетіден кейін әскерлер бірін-бірі көріп қуанысып, сол
жерге түсіп демалысады. Қарап жатқанша, алды болжау
үшін барлаушылар жібереді. Бұлар Қарасайдың әскерінен
Көгістікұлы Ер Тама, Әділдің әскерінен Қарсының ұлы Ер
Тарғын болады. Екі батыр Қиғаштың басына шығып, арғы
жағына қараса, көз жетпейтін дария екен. Қарап тұрса,
дарияның енсіздеу жерінің жағасынан бір қара көрінеді.

Келіп қараса, тастан қалаған бір обатас екен. Тасты қарап
жүрсе, бір қақпақ таста мұсылманша ойып жазған жазу
ды көреді. Жазуды оқып қараса: «Менің атым Орақ. Мен
дарияның осы енсіздеу жерінен жерасты арқылы арғы
бетке өтетін жол салдым, жолдың аузы осы оба. Егер
ноғайлы батырлары Күзбанның шәһарын іздеп келе қойса
немесе ат тұяғын салып келсе, менің соларға тастап кет
кен белгім. Қолдарына шамшырақ алып, аттарына мініп,
арғы бетке өтсе, қалмақтың берік соққан қамалы бар. Бұл
жолды салған мен қайта айналып келем бе, болмаса ажал
жетіп өліп қалам ба? Сондықтан ескерткіш ретінде салған
белгім еді. Мұсаұлы Орақ», – деп қол қойған екен.

Сонда батырлар обаны құлатып жіберіп қарап жүрсе,
ұзыны да 100 қадам, ені де 100 қадам болатын тас бар
екен, екеуі күш қосып аударса, астынан үңгір көрінеді.
Аттарын белдеріне байлап, қолдарына шамшырақ алып
түсіп, арғы бетке шықса, берік соққан қалмақтың қамалын
көреді.

Әбден ойларына тоқып, қайта келіп әскерге берген жа
уаптары екен. Бірінші Тама сөйлейді:

– Ал барып келді Тамаңыз,
Көп жиналған ағамыз,
Адам көрмеген қиын жолы бар,
Келер ме, ерлер, бұған шамаңыз?
Алладан жәрдем болмаса,
Қайтер екен бала-шағаңыз?
Осындай қиын жолы бар,
Сескеніп келді Тамаңыз.
Орақтан да қалған қала екен,
Бұған қайтіп барамыз,
Бұны қайтіп аламыз?
Асты тас та, үсті жол,

Қараңғы жерде жолы бар.
Жүре алмайтынға
Ұқсайды ауыр қол.
Жолының барған төрінде
Беріктік соққан тас қала.
Айнала қазған оры бар.
Қаласының басында
Асылы гауһар болаттан
Құрулы жебе торы бар.
Енділігі қырық аршын,
Ел жағалай қонғандай.
Сол қамалдың басына
Шабуыл шапсаң да болғандай.
Сырты темірмен қаптаулы
Мұнараның басында,
Мұсылмандардан жаулар келер деп
Күзетшілер тұр сақтаулы.
Сол қаланың ішінде
Жүйрік аттар баптаулы,
Найза мен қылыштар да сақтаулы.
Қорғанның басында
Қырық мыңдай мергені тұр мақтаулы
Бұл қалаға барған жан
Бір пәлеге анық жолығар, –
деп Тама сөзін аяқтайды. Сонда батырлар неғыларын
білмей, бір-біріне қарасқан екен. Топ ішінде тұрған
Тарғын: «Мен де сол кісінің жолдасымын ғой, мен де
көрген-білгенімді айтайын», – деп мына сөзді сөйлеген
екен:

– Батыр Тама, ер аға,
Ойпырмау, қалай сөйлейсің?
Мен де көрдім қалмақтың қаласын.

Жұрттың көрдім қарасын.
Аруағыңды қарасам,
Қаптаған қара борасын.
Сенен де батыр болар ма,
Жұрттың жүрегін жарасың.
Жұртқа уайым саласың
Қазулы жатқан орлары
Ат зарпынан жол болар.
Аққан дария көлдері
Аруақпен қара жер болар.
Беріктік соққан тас қала
Ерлерімнің зарпынан
Ақырса, кесек құл болар,
Қалмақтың қызы күң болар.
Солқылдаған мырзасы
Табанға түсіп күл болар.
Ат жарағы аламан
Біздерге қара пұл болар
Жұртың зейінін құлатпа,
Жұртты босқа жылатпа,
Қаларсың қайтсаң ұятқа.
Қалаға қарсы біз барып
Өлгендерін өлтіріп,
Қалғандарын бір қосып,
Кәлимаға тілін келтірсек,
Жетпейміз бе мұратқа?!
Сіз айтқан сөз де ып-рас,
Қаласының басында
Жаюлы тұрған торы бар,
Айнала қазған оры бар.
Айтпай кеттің сен жаңа.
Айдын шалқар соры бар.

Қашаған Күржіманұлы өлеңдері

Барлық 35 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері