Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай – Қази (9-бөлім)

Қашаған Күржіманұлы · 1841–1929 · 112 жол

«Іншалла, теріс емес еді тілегім,
Келеді аман, білемін.
Тәк, жайыңа қарап тұр,
Албырт туған боқ шіркін,
Баланың жарма жүрегін.
Менің қарағым жауда қалған жоқ,
Көкіректе арман жоқ.
Налып жатып көргенмін,
Сенің атаң Орақ пен Мамай да

Мұндай жауды алған жоқ.
Халыққа мұндай олжаны тіпті салған жоқ.
Ризамын Құдайға,
Бүгін өлсем де арман жоқ.
Қарасай, Қази сен едің,
Сендер менен туған неме едің.
Талай жерде тарықтың,
Сонда сендерге жәрдемші
Болып жүрген де мен едім.
Кешегі қалмақтың Әшке батырын өлтіріп,
Сәтіне істі келтіріп,
Өлгендерін өлтіріп,
Қалғандарын бір қосып,
Кәлимаға тілін келтіріп,
Ә, сонда жағалай таудың басында
Екі емшегім салынып,
Көзімнен аққан қанды жас
Өңірім судай малынып,
Еңіреп жүрген мен едім.
Сонда мұсылманнан әйел табылып,
Абыройларың жабылып,
Жеті қабат темір үй,
Темір үйдің ішінде
Әділ менен Қарасай
Көрісіп еді сағынып.
«Екеуің бірдей қатын», – деп, –
«Өлтірейін, – деп, – сендерді!»
Қолыңды қоймадың ба қылышқа?
Қарағым, маған ұрыспа.
Өзің ойлап қарашы,
Осы айтқан сөзім менің дұрыс па?»

Сонда Қази шешесінің алдына құлай кеткен екен. Қибат
пен Қазиды үйге қалдырып, өзі бір кісіге жетектетіп, на
лып жатқан Әділдің шешесіне келіп, сүйінші сұрайды:

Шешесіне Әділдің
Соқыр жетіп келеді.
Келе сөйлей береді:
«Сүйінші, байғұс, сүйінші,
Көңіліңнен кетсін күйіншің.
Бармысың үйде, қарымыз,
Тірілді өшкен жанымыз.
Қайта жанды жарқырап
Өшіп қалған шамыңыз.
Келіп қалды Әділ хан,
Бұл сөзге айтқан наныңыз.
Әділден кеттің түңіліп.
Екі көзің көр болды
Жолына қараймын деп үңіліп.
Талай қатты зарладың
Аш күзендей бүгіліп».
Мына сөзді есітіп,
Қарындасы Лия
Жөнеле берді жүгіріп.
О да шықты анасы,
Көруге шықты қаланың
Үлкені мен бала-шағасы.
Менің айтқан бұл сөзім
Өтірік емес, жігіттер,
Шежіренің санасы.
Анасы келіп сөйлейді:
«Құшақтап сүйген құмарым,
Айдан ару шынарым,

Молдалар жазған тұмарым,
Түк болмай кетті хабарың.
Мұз басқандай сырғанап,
Тайғақ болды табаным.
Алла басқа салған күн
Болмады тіпті амалым.
Жасаған Ием жар болып,
Оңғарылған екен заманым.
Неғылайын көп айтып,
Аллаға шүкір қылайын,
Иесі келген екен ғой
Біздің де мал мен қораның!»
Ел батырларына қосылып, қуанышына той жасап, ат
шаптырып, думан жасайды. Тойға қос атпен Қосайды
алдырады. Той аяқтала бастағанда Қарасай халыққа сөз
сөйлейді. Сөзінде Қосайдың тұлпарын 9 құл, 9 күң, 9 қара
сусар тонға, бұның үстіне қарындасы Қибатты беретін
болып алғанын, сол айтқанын қазір орындайтынын біл
діреді. Молдаға құран беріп, Қибаттың некесін қи дейді.
Молда құранды оқи бергенде, Қосай орнынан тұрып, мол
дадан құранды алып сөйлейді:

«Орақ батыр қалмақтың Алауса-Марал деген қаласын
жаулап келе жатып, мына балалардың шешесінен
дәметіп, осыдан бала туса, менің аруағым соларда бола
ды деп алып еді. Құрманбайдың тойының үстінде келген
хат маған тойдан 9 күн бұрын белгілі болып еді. Онда кім
батырлардың аты аталғанын және Қарасайдың аты жоғын,
атасына тартқан бала болса, бұл жаудан қалмайтынын, ол
үшін ат іздейтінін, ат іздесе, менің атыма келетінін біл
дім. Сонда мен сынай түсейін деп, аттың сатылмайтын
бағасын айттым, сонда Қарасай бұдан да қорықпай, атым

ды алып еді. Бұрынғы кезде «Атадан бала ширек кем туа
ды» деген мақал бар еді, бұл бірде рас, бірде бұрыс болады
екен. Кейде бала атадан пұт артық та туады екен. Мына
Қарасай мен Қази атадан пұт артық туды. Себебі атасы
Күзбанды Орақ жолын салып ала алмап еді, Қарасай мен
Қази мұны алды. Мен басқа әкелген заттарына ризамын,
мен тек Қибатты сынау үшін айтып едім, сондықтан бұл
той Әділ мен Қибаттың қосылу тойы болсын», – деп, өз
қолынан молдаға некелетеді. Басқа заттарының алғанын
алып, алмағанын өз қолынан жұртқа береді.

Басқа ақындардың өлеңдері