Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай – Қази (8-бөлім)

Қашаған Күржіманұлы · 1841–1929 · 139 жол

Біз өзіміз қос жетім,
Қалмақ деген көп кісі.
Көп кісіге жолықтырған
Мінеки Алла-Тәңір ісі», –
Деп айқайлаған дауыстар
Аспанға соза береді.
Сол уақыттар болғанда,
Алладан болған пәрменмен,
Көк шекпенді, көк атты,
Менің атым Орақ деп,
Саулап кірді қалмаққа,
Аламаны қойдай дуылдап,
Көп әскері артынан
Маңыраған қойдай шуылдап!
Аламандар кетті соңынан
Аш бөрідей зуылдап,
Тартты жаудың қоңынан.
Сол мезгілдер болғанда,
Айналдырған екеуі
Шәһарды кетті аралап,
Аш бөрідей жаралап.
Қалмақ шіркін сап болды,
Байқап тұрса шамалап.
Көк семсердің астында
Талай қалмақ құлады.
Талай қалмақ жылады,
Талай қалмақ сұлады.
Қалмақ шіркін сап болды,
Батырлардың көңілі тынады.
Сол мезгілдер болғанда,
Қылыш астында бір әйел
Баса жаздап қалып жүр.
Басы мен кеудесін

Ат астына салып жүр.
Батырлар байқап қараса,
Асылы нашар бір әйел
Тізгіндеріне оралып,
Шаужайдан келіп алып жүр.
Сөйтіп жүріп сөйлейді:
«Ноғайлық еді жақыным,
Азап берді мына кәпірің.
Мен де бір ноғайлы баласы,
Мен бір жүрген пақырың.
Қарақтарым, мені алып кет.
Иә өз қолдарыңнан өлтіріп,
Дарияға салып кет.
Ноғайлыдан мен де бір
Қалмаққа түскен жан едім.
Ноғайлыны көрмекке
Көптен бері зар едім.
Әділің аман, сүйінші!
Жеті қабат темір үй,
Темір үйдің төрінде
Әділің аман бар еді.
Қысас болған қалмақтың
Білдірмей берген дәрісі.
Сол дәрінің уыты
Әлі келсе, азғантай,
Қарақтарым, менде бар еді.
Бұдан артық не дейін,
Әділіңді тауып берейін.
Мұсылманға жаяу ерітсең,
Ат бергендей көрейін.
Өлсем, шейіт болармын,
Мұсылманның жолына
Талап мен де етіп көрейін.

Арпалыс соғыс үстінде мұсылман әйелдің сөзін естіп,
«Әділге көмегі тиетін дәрі» деген соң, Қарасай қолын
соза береді, қолына бірдеңе ілінеді. Соғыс бітіп, Қарасай
қаланы аралап, қауіпті жерлерді қарап жүрсе, айтқандай,
жеті қабат темір үйді көреді. Ішіне кіріп келсе, темір үйдің
төрінде аяқ-қолында кісен жатқан Әділді көреді. Қарасай
кісенді үзіп, екеуі көріскенде, екеуінің де көңілдері босап,
көздерінен жас шығып кетеді. Сонда Әділ Қарасайға мы
надай өкпе-назын айтады:

Қияметті достым Қарасай,
Мұнша жаттың неғылып?
Өлер болдым сені сағынып.
Әділ сұлтан достыңды
Іздемей жаттың неғылып?
Көптен бері келмедің,
Келіп сәлем бермедің.
Тауға басқан көкірегім
Қайғы басты да шерледің.
Мен қиында жатқанда,
Бас тартатын ер ме едің?
Мал ішінен жоғалған
Бір жандықтай көрмедің.
Лия мен қарт ана
Жылатқаның жөн бе еді?
Қарасай, қайтіп жасармын,
Елге қайтіп асармын?
Қол-аяқта дәрмен жоқ,
Неғылып аяқ басармын?!
– деп жатқанда, Қази кіріп келеді. Екеуінің көзіндегі
жасты көріп: «Бұларың не, жаудың көңілін өсіріп? Ер

емес, қатын екенсіңдер ғой, сонда сендердің бастарыңды
өзім-ақ алайын», – деп қылышқа қол қояды. Екі батыр
қорықпағанмен сескеніп, еті қызып жүрген батыр неме,
бір жерімізді жазым қылар деп, көздерінің жасын сүрте
бастаған екен. Әділді сол қаланың бір тәуір үйіне кір
гізіп, тамақтың тәуірін, табылған дәрілерін беріп, баяғы
қалпына келтіреді. Өздері қолдарынан халыққа жағымды
деген адамдарын хан сайлап, елге қайтуға дайындала ба
стайды. Сонда Қарасай: «Адамнан Қосайға және Құдайға
берген уәдем бар еді, соны осы жерде орындаймын», – деп,
Қосайға беретін тоғыз құл, тоғыз күңін, тоғыз қара сусар
тонын бөлек алады. Сөйтіп, Қарасай мен Қази көңілдері
тасып, елге қайтып келе жатады. Елге жақындаған соң,
Қарасай сүйінші сұрауға Қазиды оздырып жібереді.
Олардан ұзағасын Қазиға ой келеді «Осы біздің анамыз
бізге әрнемені айта береді, сол біліп айта ма екен неме
се аналығын бұлдап айта ма екен, сынап көрейін», – деп
атын тоғайға тастап келіп, жабықтан сығаласа, үйде тек
Қибат пен анасы бар екен. Қибат анасының басын қарап
отыр екен. Сонда Қази кіріп келіп сөйлегені:

Қарекем қолда барында
Дұшпанға тендік бермедім.
Бұл күндері болғанда,
Қарекемнен айрылып,
Жез қанатым қайрылып,
Жасыған жездей майрылып,
Қарекемнен келгенім.
Дұшпандар кетті зор болып,
Біз сорлы қалдық қор болып.
Қырық құлаш зындан ішінде
Қарекем қалды қор болып.
Шаба алмады қайта қамалға.
Келмеді тілі аманға.
Қарекемнен айрылып,
Бишара болып, Қибатжан,
Тап болып тұрмын мұндай заманға!»
Мына сөзді есітіп Қибат шошып кетіп, Қазиға қарай
жүгіргенде, кемпірдің басы жерге түсіп кетеді. Сонда
кемпір басын көтеріп байқаса, келіп тұрған өзінің бала
сы екен. Кемпір сонда Қибатқа қарап: «Сен бұлардан ха
бар сұрама, хабарды менен сұра», – деп сөйлей жөнеледі.
«Бұлардың біреуі емес, екеуінің де менімен іші бәсекелері
бар», – деп хабарды өзі айта бастайды:

Қашаған Күржіманұлы өлеңдері

Барлық 35 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері