Жұт
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 68 жол
Кетер ме көпке шейін Доңыз естен,
Былтырғы қатты боран қыстайғы ескенө!
Жетпіс пен сексендегі қариялар:
«Көрмедік сұрапылды мұндай», — дескен.
Үскірік, аяз, боран араласқан,
Екі үйдің арасында жан адасқан.
Қабағын түйіп келген қаһарлы жұт
Салды ойнақ сахараға уытын шашқан.
Мұндайда қасқыр қарап қалсын негеө
Қашаннан тісін қайрап жүрген неме.
Көп берді жұтқа көмек бір жағынан,
Демеді: «Қызғаныш қып жұтта жеме!»
Қырылды қосты жылқы сорға түсіп,
Омбы қар, терең сай мен орға түсіп.
Хал кеткен қайыруға жылқышылар,
Жанымен қош айтысты олар да үсіп.
Үстінде ұзын жолдың қалашылар,
(Күн бар ма кедей сордың бағы ашылар).
Тоқтаусыз күні-түні соққан боран,
Біразын қалған басып қазасы бар.
Балалар боқша арқалап, барын киген,
Сабаққа бармақшы боп шыққан үйден,
Жеткенше аяқ-қолын домбықтырып,
Бетінен тызылдатып аяз сүйген.
Суатқа мал суғара барған малай,
Келеді құлақ-мұрнын о да уқалай.
Кенеттен бір мезгілде боран соғып,
Лағып құба жонға кеткен талай.
Жылқыны Доңыз солай қырып кетті,
Жұмысын бітірді де, жүріп кетті.
Сан байлар жүген ұстап қала беріп,
Сабасын керегеге іліп кетті.
Қайран ел, қандай едің заманыңда,
Күнібұрын сақтанбадың аманыңда.
Алдына жау мен жұттың айдап салып,
Сөйтетін қор болып жұрт қаларында.
Жаз туса бейқам едің, қыс жетпестей,
Қызық күн бастан, сірә, һеш өтпестей.
«Жаратқан Құдай артық халықпыз», — деп,
Қолыңнан төрт түлік мал бір кетпестей.
Көрді ме енді көзің кеткендігін,
Замана өз жұмысын еткендігін.
Сақтанбай салақ өскен жалқау жұртты,
Көндіріп кедейлікке жеткендігінө
Ақылын жанашырдың алмаушы едің,
Сөзіне, сірә, құлақ салмаушы едің.
Қымызға шекең қызып, тойсаң етке —
Пайдасыз құрғақ дауға талмаушы едің.
Жаз жимай қыс азығын жатушы едің,
Арзанға қымбатыңды сатушы едің.
Еңбекпен табар пайдаң болмаған соң,
Борышқа шаш етектен батушы едің.
«Балаңды оқыт» десе қашушы едің,
Малыңды «партияға» шашушы едің.
Алдында дұрыстықтың көзді жұмып,
Аңқылдап теріс іске басушы едің.
Кең қоныс, атамекен кеткен жоқ паө
Орнына «хохол» сұмырай жеткен жоқ паө
Мал болса бар сенгенің — о да азайып,
Заманы көші-қонның өткен жоқ паө
Кәсіпсіз қиын жұрттың күн көруі,
Шаруаның осы кезде кетті түрі.
Жүз жылқы қарға салған қазақтардан,
«Хохол» бай пар өгізді жазғытұры.
Қара жер анамыз ғой бізді тапқан,
Влгенде тағы қайта қойнын ашқан.
Қол үзіп, сол анадан айырылмасақ,
Влтірер бізді тіпті қалай аштанө!