Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 16 жол
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғынө
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетінө
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсеңө
Бетін жуған жасымен сорлы анаңа
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргеніншеө
Сендер қайтып келсеңдер адам болып,
Һеш арманым болмас еді өлгенімше...