Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Аяңыздар жетімді

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 21 жол

(Ғ. Тоқай ізімен)

Жақсы сізге, балалар,
Қысқы кеште рақат!
Жылы үйде жайланып,
Отырсыздар көңіл шат.

Ызғарлы боран соқса да,
Терезеге тақта-тақ.
Балапандай ұяда
Уайым жоқ сізге нақ.

Бәріне жұрттың жасаған
Бермеген бірақ түгел бақ.
Толып жатыр жалғанда
Жетім-жесір, кем бейбақ.

Біреулердің шешесін
Ерте алған ләхат.
Кейбір балалар айырылған
Атасынан бейуақ.

Осыларды, балалар,
Кез келтірсе сізге хақ.
Бірге туған бауырыңдай
Еркелетіп бағып-қақ.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері