Газет-журнал
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 20 жол
Білесіз дүниежүзі толған халық,
Олардың арасында бар көп парық.
Алты айлық алыс сапар аралары,
Тұрады бір-бірінен хабар алып.
Шашатын сол хабарды газет-журнал
Хал-жайын, шаруаларын түгел жазып.
Жетеді күнбатысқа жұмасында
Оқиға күншығыста болған анық.
Һәр жұрттың күзетшісі — көз-құлағы,
Айнадай оқушыға бәрі жарық.
Болса егер қауіп-қатер, жау менен жұт
Білгізер күнібұрын еске салып.
Болмаса газет-журнал білу қиын,
Көзімен көре алар ма һәркім барып.
Жылында төрт-бес теңге төлеп тұрса,
Кісіден сұрамай-ақ болдың қанық.
Қимасаң аз нәрсені өз пайдаңа,
Есігі өнер-білім саған жабық.
Дүниені жүріп көрмей, естіп білмей,
Жатасың ішің пыспай үйде неғыпө