Жылқыдан туған есек
Мысал өлеңдер · 1 мин оқу
Болыпты бір адамның көк биесі,
Мәпелеп бағып жүрген оны иесі.
Дәмеленіп жүруші ед ат туады деп,
Көптен озған келісті бар жүйесі.
Бір күні күні жетіп бие туды,
Сұрғылт құлын нашайы оң жүйесі.
Сонда да баға берді дәмеленіп,
Деместен нашарсынып бар сүлесі.
Өскен соң екі құлағы ұзын болды,
Ши пақай, мәстек қарын, құзғын болды.
Қысқа жал, келте құйрық, бойы қортық,
Жылқы емес, естек емес, бұзғын болды.
Сол әліне қарамай азынағыш,
Шыдатпай байлаған жіп үзгін болды.
Шапсаң желіп, жүрсең тұрып, нағыз қырсау,
Шынжырдан қамшы һәм жүрген тізгін болды.
«Мұндай түлік біткенше, бітпегін
Жақсы» деп мал иесі безгін болды.
Көпшілік бұдан азар болғаннан соң,
Сылынды екі безі оңды-солды.