Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тышқан мен түйе

Мысал өлеңдер · 1 мин оқу

Бас та малға сатулы, бақ та малға,
Ақша керек абиыр, ат та барда.
Қанша шалқып, толқып байдыкі жөн,
Жарлы байғұс жарамас мақтағанға.
Бар мақтанса, әр нәрсе табылады,
Жоқ мақтанса, мақал бар шабылады.
Мақтанса да әлі шаң кедейлердің,
Әр мезгілде-ақ байларға жалынады.
Бай шақырған талпынар ұшқандай боп,
Жоқ адамнан дос қашар дұшпандай боп.
Мақтанғаны кедейдің—масқаралық,
Жетелеген түйені тышқандай боп.
«Таудай түйе сүйренді тартқаныма,
Сатылан торпақ шот емес артқаныма.
«Күшпен тартып келемін түйені»,—деп,
Тышқан байғұс түсті мақтанына.
Мақтанын тышқанның түйе білді,
Бұл айтқанын, жазғанын кие білді.
«... мәлім болар,—деп,—ақыр палуан»,
Миығынан мырс етіп түйе күлді.
«Кім екен,—деп,—қуаты болса да зор?»
Тышқан тұтып келеді түйені қор.
Осылайша екеуі келе жатса,
Бет алдында кез болды бір терең ор.
Ор дегені бір аққан арық болды,
Енді кесір тышқанға анық болды.

Бір арық су көрініп дариядай,
Тышқан байғұс өте алмай ғаріп болды.
Сол тышқанның амалы енді құрып,
Жағасында арықтың қалды тұрып.
Жүдегенін тышқанның білді дағы,
Түйе сонда сөйледі мазақ қылып:
—Палуан, неге келдің, жүре бермей,
«Тәуекел» деп бұл жолға кіре бермей.
Келдің дағы арықтың жағасына,
Шікірейіп отырдың, түрегелмей.
Тышқан сонда сөйледі кәріп болып,
Семізінен басылып, арық болып.
—Менің жүрмей, кідіріп отырғаным,
Арық есті шығарды аққан толып.
Судың бірін байқаса болды анық,
Тізесінен түйенің келді арық.
Тізесіне түйенің жеткеннен-ақ,
Тышқан ердің қабағы болды жабық.
—Өте алмаймын мен мұндай көпіріңнен,
Бұған түссем, қылқылдап жүземін мен.
Тізенің де парқы бар тіземенен,
Сіз бір ұлұғ, артық жан, біз—бір нашар,
Әлін білсін әр адам қадам басар.
Сіздің бұл су келсе де тізеңізден,
Төбемізден біз жүзсек жүз кез асар.
Тышқан мінді түйенің өркешіне,
Салып қойды бұйдасын желкесіне.
Тышқан байғұс масқара болып қалды,
Қыламын деп қалпелік қалпесіне.

Мысал өлеңдер

Барлығы: 29 мысал

Тағы оқыңыз