Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Меншіл есек

Мысал өлеңдер · 1 мин оқу

Сайраңдап тау ішінде жүрді құлан,
Қаймықпай қастығынан қара жылан.
Ой мен қыр, тау менен тас, ағаш, орман,
Ешқайсы болған емес бөгет оған.
Қиянат қастығы жоқ тірі жанға,
Қарсылық жасамаған ешбір аңға.
Үнемі аңдып басып, ізін байқап,
Түсірмей тал бойына ешбір таңба.
Мүлтіксіз келіп еді баяғыдан,
Ешкімнің жығылмай-ақ таяғынан.
Дұшпанның құрған торы қапылыста,
Ақсатты мүгедек қып аяғынан.
Есек ақыл айтады жаны ашып:
—Жүруші ең жүйріксініп судай тасып.
Мерт болдың ақылдаспай меніменен,
Білмейтін ешнәрсені сен бір жасық.
Өтірік қамқоршы боп қамқор есек,
Көпіртіп сөйлейді кеп жинап өсек.
Көздейді көлдей етіп көпке жанып,
Сөзіне жалған сыншы бермейді есеп.
Бұл есек нашар сөзін тимаған ғой,
Иесіне асылдықты қимаған ғой.
«Әтештен ән үйрен» деп бұлбұл құсқа,
Сын айтып әнге өзінше қинаған ғой.
Адам көп ел ішінде құдаңдай-ақ,
Залым көп арбайтұғын жыландай-ақ.

Мысал өлеңдер

Барлығы: 29 мысал

Тағы оқыңыз