Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тышқан мен түйе

Мысал өлеңдер · 1 мин оқу

Бір тышқан бір түйені жетеледі,
Желпілдеп түйе байқұс кете берді.
Мақтанып бұл ісіне тышқан балуан,
Көңілін былайша қып көтереді.
«Япырмай, күшті екенмін, қандай күшті,
Күшпенен істеп тұрмын әртүрлі істі.

Шыдамай тартқаныма таудай түйе,
Қаңбақтай соңымнан болып ұшты.
Тартылды таудай түйе тартқаныма,
Шат емес батпан топырақ атқаныма.
Келемін күшпен тартып түйені»,—деп,
Түсіпті осылайша мақтануға.
Тышқанның мақтанғанын түйе білді,
Байқұстың бұл қылғанын кім білді?
«Боларсың күшің мәлім батырсың» деп,
Мырс етіп мыйығынан күліп енді.
Белгілі күші мағлұм, болса да тұр,
Келеді тышқан тартып түйені құр.
Екеуі осылайша келе жатса,
Кез болды қарсы алдынан бір терең ор.
Бір терең ор дегені—арық болды,
Тышқанға енді кесір анық болды.
Көрінді бір арық су дариядай,
Өте алмай тышқан байқұс ғаріп болды.
—Кідірдің палуан неге жүре бермей,
Арықтың жағасына келдің дағы,
Отырдың шікірейіп түрегелмей.
Тышқан айтты:—Мен мұндай күдеріңнен,
Қылқылдап суға түссем жүзермін мен.
Сіз бір ұлық әзиз, мен бір нашар,
Барқы бар тізенің де тіземенен.
Түйе айтты:—Кел, ендеше, үстіме мін,
Етейін бір жақсылық саған бүгін.

Түйенің мінді тышқан өркешіне,
Бидасын қойды салып желкесіне.
Мүсәпір бола қалды тышқан байқұс,
Менмендік жасаймын деп кәлпесіне.

Мысал өлеңдер

Барлығы: 29 мысал

Тағы оқыңыз