Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тоты құс (Мысал дастан) (1-бөлім)

Мысал өлеңдер · 2 мин оқу

Жәрдемі қызыл тілдің отыз тісте-ай,
Өкініш қылсақ пайда жоқ өткен іске-ай.
Жанашырдың алмасаң айтқан тілін,
Арманымнан өлерсің тоты құстай.
Шаншу жел пайда болса арман деңіз,
Дұшманның осалында қамын жеңіз.
Бар екен бір Үндістан деген шәһір,
Түбінде бір дария—аққан теңіз.
Аз болмас шаншу жанжал шақпақ оты-ай,
Көп болар аз да болса берекеті-ай.
Дарияның жағасында жүреді екен,
Бір еркек, бір ұрғашы—екі тобы-ай.
Екі тоты дарияның қырағындай,
Адам жүрмес аралдың жырағындай.
Еркегіне айтады ұрғашысы,
Тұқым салып балалар уағындай.
—Бұ ара балаларға жарамас бұл,
Тасқанда теңіз суы ап кетер сел.
Балаңды су тасып алып кетер,
Аударып басқа жақтан бір ұя қыл.
Еркек тоты айтады:—Бұл жақсы жер,
Күн бұрыннан қорықпай-ақ күніңді көр.
Бұл су бізге жамандық қыла қалмас,
Су тасыр деп қам жеме балалай бер.

—Бұл су тасыр қарқындап парманынан,
От аласың қалайша дарманынан.
Жанашырдың алмасаң айтқан тілін,
Бақадай боп өлерсің арманыңнан.
Еркек айтар:—Қатын, сен не білесін,
Дұшманға жібермейді ер намысын.
Бақа деп бір нақыл сөз айта қалдық,
Кәнекей, бұл сөзіңнің айт мәнісін.
—Жақсы ұл көрдегіні төрге сүйреп,
Жаман ұл төрдегіні көрге сүйреп.
Тірлікті бір жерден қылады екен,
Қосылып бір бақамен екі үйрек.
Құрыпты жаңбыр жаумай қонған көлі-ай,
Екі үйрек, бақа тамыр болған жері-ай.
Екі үйрек бақамен амандасып,
Көл іздеп басқа жерге ұшқан жері-ай.
Бақа жылап, Құдайға налып берді-ай,
Мен мүсәпір болдым деп мекен жерде-ай.
Бақа жылап Құдайға зарланғансын,
Екі үйректің бақаға рахымы келді-ай.
—Сендер ең бұл арада өскен құсым,
Жаздырған сорлы пенде мендей болсын.
Кеше күндіз сендермен бір жүруші ем,
Қандай қылып жүрем мен үйрек досым.
Үйреніп сендерменен қалған көзім,
Қадірден боп жарасқан айтқан сөзім.
Жалғыздық бір Құдайға жарасады,
Қандай қылып жүремін жалғыз өзім.

Үйрек айтты:—Үйренген көзіміз-ай,
Сені де жек көрмейміз өзіміз-ай.
Өзімізбен бірге алып кетер едік,
Насихат алмайсыңдар сөзімізді-ай.
—Бұл арадан ұшсаңдар шөл жағалап,
Басқа жерге қонсаңдар көл жаңалап.
Сендер ондай берсеңдер насихатты,
Ол сөзіңді алмайын мен нақ қылып.
—Ей, босқа сабыр ойла саспағайсың,
Бұрынғыдай уақылдап таспағайсың.
Ел-жұрт көріп таңырқап, саған сөйлер,
Айзыңды зыңғар-зыңғар ашпағайсың.
—Қосылып сендерменен бір жүрейін,
Жақсы-жаман іс болса бір көрейін.
Сендер ондай берсеңдер насихатты,
Қарыссын тіл мен жағым үндемейін.
Бұл сөзге бақа қойды ықласын,
Бір шөптің тістеп тұрды қақ ортасын.
Екі үйрек бақаны алып ұшты,
Ол шөптің тістеп алып екі басын.
Екі үйрек бақаны алып ұшты-ай,
Енді бұған ел-жұрттың көзі түсті-ай.
Көргендердің бәрі де таңырқады,
Япырмай, қараңдар,—деп,—мынау істі-ай.
Есітті сонда бақа мұндай гәпті-ай,
Со жерде шыдай алмай бір сөз депті-ай.
Көзі шықсын деп айтты көре алмаған,
Ал шөбі аузынан шығып кетті-ай.

Мысал өлеңдер

Барлығы: 29 мысал

Тағы оқыңыз