Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Орманнан қасқыр келді елге қашып

Мысал өлеңдер · 1 мин оқу

Орманнан қасқыр келді елге қашып,
Алақтап не қыларын білмей сасып.

Артынан бір топ адам итін қосып,
Айқайлап келе жатыр шапқыласып.
Жалынып қасқыр сонда мышыққа айтты,
Жерінде бір ауылдың душарласып.
—Мышықжан, бұл жердегі жұрттан қандай,
Жау қуып келе жатыр арттан қалмай.
Айта гөр, қайырымды бір ер болса,
Тасалап мені жаудан құтқарғандай.
—Бара ғой,—мысық айтты,—қоян көзге,
Жігіт кем ер кеуілді онан өзге.
Адамды анау-мынау сол тоқтатар,
Аузының еті бар ед сөйлер сөзге.
Мышықжан барғанменен ол жасырмас,
Жеп едім бір ту қойын өткен күзде.
Иесі анау үйдің Көпберген бай,
Жақсылық жамандықты көп көрген бай.
Кей пейіл қонаққа бір жайлы кісі,
Жатсаң да ауырламас бірнеше ай.
Мысықжан, барғанменен ол жасырмайды,
Оның да ту сиырын жеп ем талай.
Бара ғой олай болса Қорамысқа,
Жігіт кем ер кеуілді онан ұста.
Адамды анау-мынау сол тоқтатар,
Жалғыз-ақ тоны келте, қолы қысқа.
Мысықжан, барғанменен ол жасырмас,
Жеп едім ту биесін былтыр қыста.
Білмедім сілтерімді енді қайда,
Барып көр қисық басқа анау сайда.

Болғанмен басы қисық, өнері көп,
Әртүрлі табылады онан айла.
Мысықжан, барғанменен ол жасырмас,
Жеп едім бір түйесін өткен айда.
—Мен қайран,—мысық айтты,—істеріңе,
Залалдан басқа нәрсе істедіңіз бе?
Байдың семіз, кедейдің арығы да,
Тиіпті байқап тұрсам тістеріңе.
Залалгер жұртқа тегіс болып әбден,
Енді не іздеп жүрсің үстеріңе.
«Нені ексең, соны орасың» деген сөз бар,
Ор енді егініңді піскенінде.

Мысал өлеңдер

Барлығы: 29 мысал

Тағы оқыңыз