Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қамаудағы жолбарыс пен шошқа

Мысал өлеңдер · 1 мин оқу

Жолбарыс шошқаменен болды тұтқын,
Ызамен мүлде бұзған мінез құлқын.
Талқандап темір торды быт-шыт қылып,
Жолбарыс бұзып шықты ақыр бір күн.

Жолбарыс шошқаға айтты:—Шықпаймысың,
Күшің бар, темір торды сықпаймысың!
Тамағың тоқ болғанымен, бостандық жоқ,
Дүниеге емін-еркін шықпаймысың.
—Бостандық не, сен маған айтып тұрған,
Ішер тамақ үй емес жатып тұрған.
Орным жайлы, тамақ тоқ, уайым жоқ,
Сөзіңнің керегі жоқ шатып тұрған.
Шаттық, тоқтық, денсаулық, бас бостандық,
Бұлар болса бәле емес аштық, жоқтық.
Бостандыққа өзгеше баға бермес,
Шошқадай құры ойлаған қарын тоқтық.
Жақсы адам сөз сөйлесе, идіреді,
Өсиет, үлгілі сөз білдіреді.
Қарғадай харам затқа көзін салмас,
Көлдегі көк мойынды ілдіреді.
Ағында жел қайықтай қалқытады,
Жұпардай иісі шығып, аңқытады.
Жетелеп көз, көңілді ықтиярсыз,
Денеңді май жегендей балқытады.
Өзін-өзі көтеріп күмпиеді,
Үрген қарын сықылды дүмпиеді.
Бар мақтаны—ішінде толған боғы,
Боғы кетсе, бүгелеп сүмпиеді.
Түлкі ойлар: «Түнде жүрем, ешкім көрмес,
Жүнімнің қызылдығын ешкім білмес».
Айлалы болғанменен, ақылы жоқ,
Із бенен қақпан барын ойлап білмес.

Түрлі түс көңіліңді құбылтады,
Бірін сүйіп, бірінен суытады.
Түрі басқа болғанымен, іші бірдей,
Сыртқы бояу адамды ұрынтады.
Ақымақ адам қарайды бояуына,
Бойы оңса, жолығар қаяуына.
Алас ұрған қу нәпіс қаратпайды,
Удан ащы бәленің таяуына.
Келеді ойлап айтсаң, сөздің көркі,
Ойсыз сөз құлағыңа тиер дүрпі.
Ойлап айт, ойнап айтсаң да деген рас,
Ойлаумен табылады сөздің кілті.

Мысал өлеңдер

Барлығы: 29 мысал

Тағы оқыңыз