Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Кептер мен қарға

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отырғанда, ентіге жал пылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа мұнтық қара қарға келіп қонады да, мойнын бір жоғары, бір төмен созғылап, өңешін қырнай қарқылдай бастайды. Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітіп, басы зеңіп, мазасы кетеді. Сонда да өзі білер деп үндемей шыдап бағады. Бірақ қара қарға қарқылдауын тоқтатпайды. Денесі түршігіп, берекесі қашқан кептер:

—Ой, қарға, таң атқалы балапандарыма жем тасып әбден шаршап, мына қайыңның саясында аздап демалайын деп отыр едім. Мүмкін болса, біраз қоя тұршы, мазаны алмай,—деп өтінеді. Өзінің әнін түсінбегеніне қарғаның қабағы түсіп кетеді. Тұмсығы сорайып, кілмие қарайды:

—Ей, осылайша шаршап отырғанда, көңіліңді көтерейін деп әдейі сайрап отырған жоқпын ба?!—дейді. Кептер өз өтінішін ұқпаған қарғаға таңдана қарайды да, ары ұшып кетеді.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз