Қаз
Мысал әңгімелер · 1 мин оқу
Түлкі бір күні қазды ұстап алып, алдыңғы екі аяғымен ба сып тұрып, мазақ қыла мұртынан күліп:
—А, қаз, сенің қолыңа мен түссем, сен не қылар едің?—дейді.
Қаз сәл ойланып тұрып:
—Не қылар едім? Белгілі емес пе, сені тісіммен тістеп тұрып, екі аяғымды кеудеме қойып, көзімді жұмып: «А, Құдай, бергеніңе мың шүкір!» дер едім де, сені жеп қояр едім,—дейді. Түлкі:
—Мынауың дұрыс екен, мен сені өзің айтқандай ғып жейін,—депті де, қазды тістеп, өзі шоқиып отырып, алдыңғы екі аяғын кеудесіне қойып, көзін жұмып «А, Құдай» дей бер генде, қаз қанатын қағып қалып, қаңқылдап ұшып кете беріпті. Түлкі «А, Құдай» деген күйінде аузын аңқита ашып, шоңқиып қала беріпті.