Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Түлкі мен бөдене

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Бір күні түлкі жортып келе жатса, бір бөдене жорғалап
барады екен, түлкі шап беріп бөденені ұстап алады.
Түлкі бөденеге:
—Балапандарыңды тауып берсең, өзіңді қоя берейін,—дейді.
Бөдене:
—Балапандарым анау қалың шөптің арасында еді, сол араға
барып, мен болып шақырсаң, балапандарым келеді,—дейді.
—Жарайды,—деп бөденеге тиіспей, түлкі қалың шөпке
келеді.

—Балапандарыңды не деп шақырайын?—дейді түлкі.
—«Маңғыт» деп қатты дауыстап шақыр,—дейді бөдене.
Түлкі:
—Маңғыт!—дегенде, бөдене:
—Аузыңа саңғыт!—деп ұша жөнеліпті.
Арада ай өтіпті, жыл өтіпті. Түлкінің бөденеге өшпенділі
гі арта түсіпті. Бір күні жортып келе жатып, бөденеге және
кезігіпті. Бөдене қорыққанынан ағаштың басына шығып, қо
нып отырыпты.
Түлкі:
—Ау, бөдене досым, не естіп, не білдің? «Барлық жанжануарлар бір-біріне қастық қылмасын» деген жарлық келді.
Енді біреуге біреу тимейді, барлық жан-жануарлар мәңгі
достасып өтеді. Енді сен жерге түс, достық әңгімеде болайық,—
дейді.
Сонда ағаш басында отырған бөдене мойнын созып, алысқа
бойлап-бойлап қарайды, жерде тұрған түлкі:
—Е, бөдене досым, нені көріп қарадың?—дейді.
—Анық байқай алмадым, алыстан бір жануар келе жатыр.
Бұта-бүргенің басынан бір-ақ ырғиды екен. Жүні сіздікінен
тақыр, денесі зор әрі ұзын, жарғақ құлақ, мойнында қарғы
бауы бар көрінеді,—дейді.
Түлкі:
—Ойбай, ол тазы шығар?
Бөдене және қарап:
—Болса болар,—дейді.
Түлкі:
—Ойбай, ендеше мен қашайын.
Бөдене:
—Е, досым түлкі, енді барлық жан-жануарлар бір-біріне
тимейді, мәңгі достасып өтеді деп өзің айттың ғой, неге қор
қасың? Мен де ағаштан түсейін, сен де бері жазыққа шық, тазы
да келсін, үш дос әңгіме дүкенін құрайық,—дейді.
Түлкі:
—Ойбай, кім біледі? Әлде ол жарлықты ести қоймаған
шығар,—дейді. Бөдене:

—Естімеген болса, өз аузыңмен айт, жарлықты құлағына
құй,—дейді.
Түлкі сонда:
—Маған жан керек емес пе?—деп қаша жөнеледі.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз