Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Түрікпен Раушанбек батыр Толыбайдың баласы қалмақ батыры Махраммен соғысы (9-бөлім)

Көрұғлы · А. Хангелдин нұсқасы · 4 мин оқу

Әлқисса, анда Раушанбектің қайраты өте артық болып, қалмақтар не қыларын білмей қайран болды. Махрам тұрып ойлады: «Бұған ұрысқа шығып жазым болып кетсем, кейіннен адам қалдырмас. Бұ күнде бұған шықпайын ұрысқа. Амал керек екен. Бұған бір амал қылайын» деп, түнімен палуандарға ор қаздырып, бетін жауып айламенен, таң атқанда ордың бір жағында тұрып, Раушанбекті шақырып, бекке өзіме кел деп сөйлеген жері:

—Қалмақтан келген Махрам,
Қайраты артық палуандай,
Жан пар келмес деуші еді,
Бір өзіме жалғандай.
Осы сапар торықты
Ерлікке көңілі қалғандай.
Ертіп келген төрт жүз ер
Көбі өліп, аз қалдыай.
Ерлігіне Раушанның
Бастығы Махрам қалмақтар
Қарап тұрып таң қалдыай.
Бұл не деген ер деді,
Айбаты көкті алғандай.
Мұсылманның басынан,
Таймаған екен бақыты,
Есіткенім жалғандай.
Түрікпеннің бұрынғы
Өтіп кеткен ерінен
Күші басым көрінді,
Он есе артық болғандай.
Жаратып Құдай келтірген,
Орасан артық қайратты,
Осындай неден жалғанай.
Мен Махрам дейтін ер едім,
Екі талай жерлерде
Көнеден кекті алғандай.
Ерегіскен ерлерді
Табанға жаншып салғандай.
Ат басын түзеп барған жер
Үлкен олжа болғандай.
Қаһарыма қарсы келе алмай
Ерлер есін таңғандай.
Мұсылман мен кәпірге
Мен айқындалған ер едім,
Халыққа үлгі салғандай.
Менің жүрген жерлерім
Той мереке болғандай.
Толыбайдың Раушанбек
Набұтқылды ерлерді,
Төбеден дауыл ұрғандай.
Менсінбей тұрып ол ерді,
Қолдан бердім арымды,
Сескеніп тұрып қалғандай.
Толыбайдың Раушанға
Шықпасам өзім ұрысқа,
Болармын деді армандай.
Ерге керек қырық амал
Жаулы жерге барғандай.
Қанеки, ерлер, кеңес бер,
Ертеңгі ұрыс жабдықтан
Қылайық айла болғандай.

Осыны айтып Раушанбек
Кеңесін беріп саладыай.
Отырып ерлер кеңесіп,
Ешбір айла табалмай,
Есінен мықтап танадыай.
Не айламен ұстауға
Білмей отыр қалмақтар,
Жалғыз түрікпен баланыай.
Ертен шықса ұрысқа
Ұстатпайтын тұйғын деп,
Көп қайғыда қаладыай.
Астындағы Қанкер ат
Жаңғыз қазық ұрмаса
Қолға түспей кетед деп,
Сасық қамал боладыай.
Менменсіген ерлердің
Жүзі гүлдей соладыай.
Арыбері ойласып,
Көпшілігі кеңесіп,
Бір айланы табадыай.
Бұл айласы қалмақтың
Көңіліне мықтап ұнадыай.
Мұнан басқа қылатын
Айла жоқ деп баршасы
Жабырласып қаладыай.
Таң атқанша батырлар,
Сексен құлаш жер қазып,
Білдірмей бетін жабадыай.
Үлкен айла таптық деп,
Көңілдері толадыай.
Аттарын байласына
Жағалай ордың қасына,
Жабыла жатып қаладыай.

Таң атқансын Раушанбек
Орнынан тұрадыай,
Толғана мойнын бұрадыай.
Қасындағы жолдасқа
Әңгіме дүкен құрадыай.
Түнде көрген түсінен
Іші қорқып сұлтанның
Қамығып тұрып жылады-ай.
Қасында қалған төрт жолдас
Мұңын айтар адам жоқ,
Басқа кімге шағадыай.
Көргеніне таң болып,
Ақылы қайран боладыай.
Не қыларын біле алмай,
Раушандай бегіңнің
Шашылып кетті қиялы-ай.
Ұрыспай қайтып кетуге
Болмай тұр бектің ылажы-ай.
Ерлігіне жөн емес,
Жау қалдырып артына,
Тастап кету бола маай.
—Көргенім жаман, жолдастар,
Бүгінгі майдан соғысқа
Мен бармасам да боладыай.
Мен шошынып тұрмын түсімнен,
Бірақ жазғаны Хақтың болар-ай.
Құлағың сал, жолдастар,
Менің айтқан зарымаай.
Қалмақ келген аттанып,
Алалмай жүрген бұрыннан
Түрікпенде жатқан арын-ай.
Бүгін көріп жаман түс
Мен шошынып тұрмын тағыдаай.
Бүгінгі көрген түсімде
Салтанатпен отырдым
Атаның мирас тағындаай.
Таласпады ешбір жан
Құданың берген бағынаай.
Сол отырған кезімде
Үйіме келіп өрт тиді,
Бетімді жалын шалып-ай.
Халық жиналып кірісті,
Сонда бір ердің қамынаай.
Есімнен кетіп мен тұрмын
Өртке қатты қамығаай.
Сөндіріп кеткен жерлерін
Ақ сақалды қарт адам
Жандырып жүр тамызаай.
От тұтатып жандырған
Мүзірек деген хан атам
Байқасам барып жанынаай.
Маған қарап бір айтты
«Ей, балам, болды,—деп,—мүшкіл халың-ай».
Бұл ахуалмен тұрғанда
Жау келді деген бір хабар
Бола қалды дабыл-ай.
Ерлейін деп хан кірді,
Ат абзалын қарасам,
Түгел емес жабдығыай.
Ер салып тарттым тартпасын,
Тартуыма келмей үзілді,
Күдеріден тіккен айылдай.
Жүген салып қарасам,
Ауыздығы сыныпты
Екі ортадан айырылмай.
Сонда да мініп жөн тарттым
Ұрысуға жаумен барып-ай.
Жаудың түрін байқасам,
Осы келген төрт жүз ер
Ізденіп келген арын-ай.
Оқ салып садақ тартып ем,
Садағым сынып оқ қалды,
Ешнәрсеге дарымай.
Оқ қойып мылтық атып ем,
Өлшеулі салған оқ симай,
Мылтық та сынды жарылаай.
Реттеп салған бес қару
Қалмаққа қарап жұмсасам,
Бәрі де кетті дарымай.
Алтын жаға, ақ сауыт
Төбеден барып сөгілді,
Ешбір нәрсе дарымай.
Бас сауғалап қашып ем,
Қанкер ат барып жығылды
Бір шұқырды қалып-ай.
Қалмақ басты үстімді
Қамшы салып жабылаай.
Есімнен кетіп жығылдым,
Қаным судай ағыпай.
Солай жатқан кезімде
Байлап алды қалмақтар,
Қол өткіз салып қарымаай.
Байлауменен апарды
Шағдат деген ханынаай.
Мені көріп Шағдат
Қуанышпенен той қылып,
Жинады халқын қалдырмай.
Мен осыны көріп ояндым,
Қанеки, жолдас, айтыңдар
Жақсылыққа жорып-ай.

Тағы оқыңыз