Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Түрікпен Раушанбек батыр Толыбайдың баласы қалмақ батыры Махраммен соғысы (15-бөлім)

Көрұғлы · А. Хангелдин нұсқасы · 3 мин оқу

Енді сол жігіттердің ішінде, Аздарханбек деген бір жігіт тұрып, бастанаяқ өтілген оқиғаны айтып, Айғанбекке қарап бір сөз айтқаны:

—Құлағың сал, Айғанбек,
Менің айтқан сөзіме-ай.
Он бір жігіт біз түстік,
Асқар құмай тазымен
Қашқан киік ізіне-ай.
Киік қашты тауды өрлеп,
Тазылар түсіп көзіне-ай.
Құтқармады тазылар
Таудан арман құлатпай,
Қарнады жарып көбін-ай.
Төрт киік кетті қара үзіп,
Тазының түспей көзіне-ай.
Тырнағын жарып тас тиіп,
Тазылар қалды ере алмай,
Шапқан аттың өзіне-ай.
Он біріміз ат қойдық
Киіктің кеткен жүзіне-ай.
Неміз кетті соншама,
Жүзден төртеу жібермей,
Болғанды хақтың жазуы-ай.
Қанкер атпен Раушанбек
Қатарласып шапқан-ай,
Қарасын кетті үзіп-ай.
Ертеңгі күн сәскеде
Шаншып кеткен үш киік
Көрінді менің көзіме-ай.
Қанкер ат пен Раушанбек
Шаншыған екен үшеуін,
Жеткенсін бедеу қызып-ай.
Онан өтіп біз қудық,
Киік пенен Қанкердің
Айрылмай түсіп ізіне-ай.
Қызығымен киіктің
Кеткен екен Раушанбек
Құба судың кіріп шөліне-ай.
Сол күні жүріп күнімен,
Келесі түн көп жүрдік,
Атқа бермей тыным-ай.
Ертеңгі күн сәскеде
Раушандайын сұлтанға
Жолықтық келіп жабыла-ай.
Тұрған екен Раушанбек
Қанкер атты қаңтарып,
Бір бәлекер таудың басында-ай.
Амандастық сұлтанмен,
Сол Бәлекер таудың басында-ай.
Ылдиында ол таудың
Құба судың қызыл бұлағы,
Тұр екен табан үстінде-ай.
Ат сұлауға болмады
Жинала қалмақ тұр екен,
Сол бұлақтың басында-ай.
Шағдаттың кегін іздеген,
Төрт жүз палуан ер екен,
Бастығы Махрам қасында-ай.
Елшілікке Сапабек
Қалмаққа барып сөйлесті
Әңгімесін ашып-ай.
Кек іздеген ер екен
Елден-елге асып-ай.
Қалмақпенен ұрыстық
Түрікпен елге жібермей,
Бәлекер таудан асырмай.
Осы күнгі болған ұрыста
Үш жүзі өліп қалмақтың,
Серікке кетті қосылмай.
Төртінші күн қалмақтар
Түні бойы ор қазып,
Айласын бізден асырдыай.
Болжай алмай Қанкер ат,
Орға құлап ұстатты
Раушанбектей асылдыай.
Раушан қолға түскенсін,
Махрам залым ұрысып,
Әлсіретіп тастады
Сапабектей асылды-ай.
Бір айда қайтып келем деп,
Қалмақ қайтып жөнелді.
Раушанбектей сұлтанды
Бенде қылып косып-ай.
Бүгін он бірінші күн болды
Қалмаққа жөнеп кеткелі
Раушанбектей досыңай.

Сонда, Айғанбек бұл сөзді естіп, Раушанбектің жағдайын естіп болып, енді Сапабектің халін сұрайын деп келсе, Сапабек өліп қалған екен. Сол жерде Сапабекті жырлап, отыз екі жігіт аттарына қара жауып, өздері қара киіп, түрікпен елге қайтып кетті. Неше күн жол жүріп, түрікпен елге жеткенсін Толыбайдың ордасына келе жатыр еді. Далаға шығып жүріп жігіттердің аттарына қара жапқан, қара киіп келе жатқанды көріп, Раушанбектің әйелі Күлнарайым атасы Толыбайға қарап бір сөз айтқан жыры:

—Құбыла қара, жан атам,
Құлағың сал сөзіме-ай.
Жаппар Алла жаратқан,
Жәрдем болғай өзіңе-ай.
Тысқа шығып қарасам,
Түрі жаман топ атты
Көрінді менің көзіме-ай.
Қара жауып атына,
Қара салған жүзіне-ай.
Қалмасақ еді зар болып,
Кешегі кеткен жалғыздың
Басып кеткен ізіне-ай.
Аңға кеткен жалғыздың
Келген шығар көп қалмақ
Қапияда кезіне-ай.
Қапыда жүрген сұлтанды
Бенде қылып Шағдатхан
Алған шығар өзіне-ай.
Хат жазбасын деп едім,
Қазалыдағы туғанға.
Ойлаған шығар өлді деп,
Осы күнде халық жүр
Жиналған қалың думанда.
Бармайды десең салған хат,
Почтавой поезбен барып,
Күн құрғатпай со маңға.
Дұрыс емес десем адрес,
Арналған колхоз диқанға
«Жаңа талап» артам.
Белгілі еді районға
Елден хабар ала алмай.
Көңілім жүр қара тұманда.
Кім өліп, кімнің қалғанын,
Тарығып жүрмін біле алмай.
«Үйдегі қатын-балам да
Қалмаған шығар ешбір жан»,—
Деп ойлап тұрған шамамда,
Жұмаш пен Қапаш, Өтеген
Жазып едім Мұсаға.
Амандығын білдірсе
Үйдегі бала-шағам да.
Тірлігін есітсем
Сағиджан, Абжан баланың,
Болар еді қуат маған да.
Сау емес шығар балалар деп,
Осы күні көңілім тоқсан түрлі алаңда.
Жазуы шығар Құданың
Түскенім мұндай аранға.
Болмаса менде жазық жоқ,
Белгілі шығар Құдайға.
Санаулы күнгі бейнетті
Шексін деген Лаухының
Жазуы шығар әзалда.
Санаулы бейнет біткен күн,
Иншалла, барармыз,
Сабырлық берсін ажалға.

Тағы оқыңыз