Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Түрікпен Раушанбек батыр Толыбайдың баласы қалмақ батыры Махраммен соғысы (10-бөлім)

Көрұғлы · А. Хангелдин нұсқасы · 3 мин оқу

Раушанның түсін есітіп,
Шошынады жігіттер
Осы жүрген жолынан.
Жалғыз Раушан болмаса,
Басқалары не қылсын,
Не келеді қолынан.
«Түрі жаман түс екен»,
Деп ойлады жігіттер
Қандары қашып жүзінен.
Қорыққанын жігіттің
Білгеннен соң Сапабек
Жан-жағына көз салып,
Қарады оң мен солынан.
Сапабек тұрып сөйледі,
Көрген түстен қауып етіп,
Қалма деп беклер жолыңнан.

—Хан баласы Раушанбек,
Мен жориын көрген түсіңді.
Бір Жасаған Құдай оңғарсын
Түсіңде көрген түсіңді-ай.
Бұл түсің жаман түс емес,
Бендеге берген Құдайым
Бақ пенен басты кесімді-ай.
Өлшеусіз нәрсе болмайды
Алланың жазған ісіндей.
Түстен неге қорқасың,
Хақтың екі бола ма,
Лаухилде жазған кесімай.
Түске қарап өзгеріп,
Кетеді деп ойлама,
Лаухилдегі жазылған
Бір қаламның ұшын-ай.
Түсінде сенің көргенің
Үйіңе тиген өрт болса,
Өрт деген ерге дәулеттей.
Жүрген жерін жандырар
Перзентің болып келбетті.
Сөнген отты жандырса,
Мүзрек патша атаңыз,
Қонады екен балаңа.
Атаның бағы, дәулеті-ай.
Тартуыңа шыдамай,
Садағың кетсе белінен,
Егелескен дұшманнан
Күшің басым болғаныай.
Мылтығың кетсе жарылып,
Қарсыласқан дұшманың
Ортадан жарып жол берер,
Қаһарыңа шыдамай.
Қауып етіп тұрсың, балама-ай,
Көңіліңе түсің ұнамай.
Жаманжақсы болса да,
Құданың болар салғаныай.
Демеймін, балам, көргенің
Бұл түсіңді жалғаныай.
Ауыздықсыз ат кәп емес,
Қорықпа, балам, онан-ай.
Жүгенсіз талай жау шапқан
Ақшахан деген атаңаай.
Жүгенсіз кеткен ер ғой деп,
Бұрыннан бар мақал-ай.
Байласа қалмақ түсіңде,
Ренжігенге көңілің
Көрінгені соған-ай.
Не ойласа сол кіреді
Түстің көбі осындай.
Жығылғаны Қанкердің
Қауыпты жұмыс тап осы,
Жәрдем болсын бабаңаай.
Сенің көрген түсіңе
Құдай жолы мен айттым,
Жетегімде қан жерен
Екі талай жерлерде
Қалмақтың жолы болмаған.
Мұсылманның елі үшін,
Хақ исламның діні үшін,
Мен білгенімше жорыдым,
Хан баласы Раушанбек,
Тағрифі түстің болған-ай.
Жақсылық, жамандық
Басы жұмыр бендеге
Алланың болар салғаны-ай.
Не көрсек те бұл сапар
Лаухида бітіп бұрыннан
Болғандай Хақтан парманай.
Қыбылыға қарай Сапабек
Бір Алланы жад етіп,
Бір Құданың жолына
Хан жерен атты шалған-ай.
Осы сапар жәрдем бол,
Хан баласы Раушанға
Хақтың досты сәруар-ай.
Толыбайдың белінен
Жалғыз еді Раушанбек,
Қор қыла көрме кәпірге,
Шері Хақтың Мұртазаай.
Он сегіз мың ғаламның
Падишасы, Хақ Жаппар,
Бір өзіңе тапсырдым,
Мұсылман үшін оқ атқан
Жалғыз түрікпен балағаай.

—Жорыдың көрген түсімді,
Бәрекелде, Сапабек.
Шынжыр аттай ер едің
Сен бұрыннан асыл тек.
Жаманжақсы айтты деп,
Бұл сөзімді қылма кек.
Бірге жүрген жолдассың
Қылмайтұғын еш міндет,
Түс салмағын жорыдың
Артта қалған балаға
Болат деп сенен бір перзент.
Ұлы атаң әруағын
Сол балаға тергедің,
Қонады деп зор дәулет.
Мен қызығын көрмейтін
Баланы салдың алдыңа,
Қалдырып мені кейін шет.
Өзіме түсім аян тұр,
Бұл сапар көрем көп бейнет.
Көрген түстің жақсылық
Салмағын менен жібердің,
Жолдастықты қойып тек.
Жолдас болған ер едің,
Қарамадың көңілге
Тұз татысқан сұлтан деп,
Түсімнен қорқып, Сапабек,
Атыңды шалдың Құдайы
Бола ма деп жанға сеп.
Мен үшін айтсаң Құдайы,
Қанкерді неге шалмадың,
Хан жерен атты-ай мінер деп.
Қырсығып тұрған Қанкер ат
Ойламадың, Сапабек,
Бұл мінуге болмас деп.
«Бас садақа жақсы мал»
Деген мақал бар еді,
Көнеден қалған жақсы кеп.
Басың аман боларсың,
Мен кетермін елден шет.
Қалың түрікпен елі үшін
Көремін тағы не болса,
Жазған шығар Құдірет.
Сен жорыған түспенен,
Құтылмаспын сүрікке,
Қош болып тұр, Сапабек.
Елге сәлем айтарсың,
Раушан мұны айтты деп,
Кел жүрейік қалмаққа,
Қарап тұру болмас еп.
Түсімді айтып жорытып,
Мойынға алып мен тұрмын
Көретін қайғы, қасірет.
Түс көрген досың жорытса,
Екінші мәрте тағы рет,
Осындай жоры, Сапабек.
Ұрысқа барсақ мен жоқпын,
Қол алысып кетейік,
Бір-біреуде болса кек.
Қауышармыз махшарда,
Хош Алла жар, аман бол,
Түрікпеннен келген өңкей бек.

Тағы оқыңыз