Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Түрікпен Раушанбек батыр Толыбайдың баласы қалмақ батыры Махраммен соғысы (13-бөлім)

Көрұғлы · А. Хангелдин нұсқасы · 3 мин оқу

Мұны естіп Махрам,
Ашуға симай кернеді,
Қаһары келіп палуанның
Көзі ешнәрсе көрмеді.
Айғай салып ақырып,
Әскерге қарап сөйледі:
—Барайын өзім түрікпенге
Қырық кісі маған ер,—деді.
Ұрысқа түспей қырық жігіт,
Тек менің қайратым көр,—деді.
Ашу кернеп батырды,
Маңдайы шып-шып терледі.
Раушанды алып жиырмаңыз
Елге қарап жүр,—деді.
Ат айылын берік тартып,
Қару салып іл,—деді.
Алды-артыңды байқап жүр,
Бұл сөзімді біл,—деді.
Ана қалған төртеуін
Раушанбекке қосармын
Осы сөзім шын,—деді.
Төртеуі түгіл мен барсам,
Өздері түсер алдыма
Қалың түрікпен ел,—деді.
Түрікпен елі жұмыс па,
Білемісің шамалап,
Менің атым—Махрам,
Мұсылман мен кәпірге
Белгілі болған жөн,—деді.

Осыны айтып Махрам
Қырық жігіт ертіп алады.
Сапабектің алдына
Кейін қарап барады.
Жауған күндей күркіреп,
Айбаты көкті шалады.
Жүз батпан шойын шоқпарын
Лақтырып аспанға
Асықтай қағып аладыай.
Келе жатқан Махрамға
Үш жігіт пен Сапабек
Қарсы келіп қаладыай.
Қорықсын ба Махрам,
Аянбай соғыс саладыай.
Түске дейін ұрысып,
Қалмақтан келген қырық ердің
Отызын қырып саладыай.
Енді қалған он жігіт
Махрамға қарамай,
Бытырап қашып барадыай.
Қарсы келіп Махрамға
Сапабектей сұлтаның
Аянбай ұрыс салады-ай.
Сапабек пен Махрам
Екеуі қылды ұрысты,
Бір-бірі жанын аямай,
Сапабекті алалмай.
Махрамдай палуаның
Бір зор жұмысқа қаладыай.
Кезектесіп шоқпармен
Аянбай ерлер ұрадыай.
Ұрғанына шыдамай
Сапабектің қалқаны
Қақ жарылып барадыай.
Қалқаны сынып Сапабек
Екінші кезек ұрғанда
Әлсіреп кетіп барадыай.
Қуат кетіп денеден,
Сапабектей сұлтаның
Жығылуға қарадыай.
Сапабектей ерлерден
Әл кеткенін білген соң,
Жолдасы келіп үш түрікпен
Түсе қалды арағаай.
Қаһары қайтқан Махрам
Тиялмады бұларға,
Тек қарап тұрды даладаай.
Егер түрікпен қумаса,
Кетуге де ойлап тұр,
Ұрыс қылмай анадай.

Махрам сонда сөйледі:
—Түрікпеннен келген батырлар,
Білдің бе байқап шамаңды?
Менің атым—Махрам,
Егелескен дұшпанын
Салып жүрген табанғаай.
Мені байлап алып қарашы,
Түрікпен елдің қорғаны
Раушанбектей бегіңе,
Егелескен ерлерге
Саламын ақыр замандыай.
Теріне алып..............
Сапабектей еріңдер
Көргенін айтсын тамамдай.
Сонан кейін сендерді
Өлтіруге келіспес
Еліңе барып бірігіп,
Қылар мүмкін амалды-ай.
Толыбай ханға сәлем айт,
Қалмақтар кеп сайланып,
Кетті деп байлап балаңды-ай.
Шамасы келсе Толыбай,
Аттана берсін қалмастан
Махрам соққан қамалға-ай.
Қалай бұзып ел шаппақ,
Түрікпен елге ие жоқ
Тіреп алсам шалқандай.
Ойлар міскін түрікпеннің
Өтіп кеткен бұрынғы
Басындағы заманыай.
Раушанбектей ерді тірі ұстап,
Шағдаттай патшамызға
Тарту қылып барамыз.
Қайтадан келіп аттанып,
Қалың түрікпен еліне
Саламын ақыр заманды-ай.
Раушандай......................
.........................................
Шағдаттың кегін алармын,
Бес атасын өлтіртіп
Бұрыннан жүрген алалмай.
Батыр емес ер жігіт,
Босқа қайтса еліне,
Найзасы қанға боялмай.
Мен шын қатерге мінгенсін
Егелескен ерлерді
Өлтірмей тірі қоям баай.
Ұйықтап жатқан қалмақ жоқ,
Бұл күні тегіс оянды-ай.
Кегіне қалмақ аттанар,
Бір шыбын жанын аянбай.
Кек алуға қалмақ елі
Уақыт жетіп таяндыай.
Толыбай хан билеп жүр
Бастан бақыт тайғандай.
Хандықты өзі тастады,
Тақтан түсіп ұялмай.
«Ырысты қапқан ит» деген
Бұрыннан бар мақалда
Жаңадан біреу тумаса,
Бүгінгідей түрікпен
Алалмайды Шағдаттан
Басындағы бақыты
Тайып тұрған замандыай.
Пір қолдап жүрген біреу жоқ,
Түрікпен елді бүгінде
Түрікпен түгіл Сапабек
Бұл жүрген адам...............
Толыбайға сәлем айт.
Шамасы келсе аттансын
................................ асықса,
Үйінде жатып қала алмас.
Және сәлем айтарсың
Менің атым Махрам,
Ерегіскен ерлерді
Салып жүрген табанға-ай.
Сегіз және түрікпенді
Қалмаққа......................
Сізге менің көңілім алаңдай.
Бұрынғы түрікпен хандарын,
................................... азарын.
Бірін он қылып аламдай,
Күрлеген ардақ тұсында.
Түрікпен жүрді мазақ қып,
Енді Құдай да болмас панаңдай.
Жаңадан туып ер шығып,
Ол өскенше, Сапабек,
Алармын мен мазаңды-ай.
Қысқа күнде қырық шауып,
Берермін сөйтіп жазаңды-ай.
Осы күнгі түрікпеннің
Тірі жүрген ерлері
Пар келе алмайды маған-ай.
Еліңе барып сәлем айт,
Қамдана берсін жиналып,
Мен бір айда қайтып келем-ай.
Қандай адам болар пар.
Қиядан жүкті көтерген,
Мен бір келелі жүрген қара нар.
Шыдамасаң, түрікпен,
Менің айтқан күнімде
Жиналып біздің елге бар.
Қару-жарақ асынып,
Раушандайын бегіңнің
Қалмақтан барып кегін ал.
Мен..............., Сапабек,
Жалғызыңа асықсаң,
Біздің елге барып қал.

Тағы оқыңыз