Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алпамыс батырдың хикаясы (6-бөлім)

Алпамыс · 1922 жылғы Ә. Диваев нұсқасы · 2 мин оқу

Сонда Қаражан батыр атына қарап:

—Жамандатқыр, не көрдің,
Қара атым, не көрдің?
Көздер қамасар жүзіңнен,
Ағаң айналсын өзіңнен,
Мұрадың пида өзіңнен,
Не көрдің, қара ат, не көрдің?
Жортайын дедім, тебіндің,
Қашан жеміңнен кем еттім,
Қамшы ұрмай кейін шегіндің, не көрдің?
Он төртте тарлан ашпайсың,
Омыраудан көбік шашпайсың.
Қамшыласам қадам баспайсың,
Не көрдің, қара ат, не көрдің?

Бектер құрған шатыр ма,
Алдыңда жолбарыс жатыр ма?
Келгендер бізден батыр ма,
Не көрдің, қара ат, не көрдің?

Ат шомылған тер ме екен,
Келгендер бізден ер ме екен?
Батырың қайғы жер ме екен,
Не көрдің, қара ат, не көрдің?!

Сол уақыттарда Қаражан қараса тұман ашылды, жел тұрды. Қараса жүзі құбаша, көзі алаша, өзі бір он төрт жасар тамаша, бір кекілі алтыннан, бір кекілі күмістен, нақ он төрт жасында Алпамыс батырды көрді. Көре салып Қаражан:—Ойбай, заңғар сұм өзбек, иә, дұғагөй, иә, жәдігөй, алайын жаныңды, төгейін қаныңды.

[Жаңбыр] жаусын айдын көлдер сел болсын,
Жылдан-жылға бұл дәулетім мол болсын.
Өмірімде сендей бала көрмедім,
Ұры сынды, қайсар сынды жол болсын.
Биік дейді бұл қалмақтың тауыны,
Қайсы елден, қандай елге барасың,
Кім боларсың, сен—қылды көтті жабылы?

Алпамыстың жауабы:

—Айыл тартқаным—бедеудің белі,
Ішкен сусыным—Байсынның көлі.
Өзім атым сұрасаң, атым—Алпамыс,
Атам атын сұрасаң, дейлер Байбөрі.
Көп күн болды мен шыққаным елімнен,
Қоңыр қаз ұшқан-ды Байсын көлімнен.
Он төрт жасымда бедеу сайлап мен мініп,
Мен келемін Баршынжанның кейінінен.

Ә дегенде таудан бедеу өткен-ді,
Сабыр қылған мақсатына жеткен-ді.
Жеті жаста молдаға оқып жүргенде,
Баршынжаным осы елдерге келген-ді.

Бау ішінде алма ма екен, нар ма екен,
Хақ Жаратқан дәргаһында жар ма екен?
Жұфұтымнан айрылған мен бір мұңлымын,
Сол жарымды көрген-білген бар ма екен?

Сол арада Қаражан қарқ-қарқ күліп: «Сенен де басқа Баршынға қарыздар екеу,»—деп мына сөзді айтты:

—Ашылмаққа бұл майданда гүл керек,
Күйдірмекке бізге сондай тіл керек.
Келген жарды бізден айырып алмаққа,
Біздерден зорырақ, бәлки, ер керек.

Ашулансам мен алармын жаныңды,
Денеңнен төгейін қызыл қаныңды.
Қайта түс сен келген жолыңа,
Ала алмассың келген Баршын жарыңды.

Қашсаң ат салармын соңыңа,
Тұрсаң тұтыларсың жаным қолыма.
Ала алмассың келген Баршын жарыңды,
Қайта бер, сорлы, келген жолыңа.

Сонда Алпамыстың ашуы келіп, мына сөзді айтып салды:

—Осы демнен өз деміңді дем деме,
Адам көрсең сен өзіңнен кем деме.
Бұл майданда көп ірілік сөйлеме,
..... енеңді, қалмақ, қам жеме.
Көзіңді алартып жеймісің,
Өзіңді мәрт, мені нәмәрт деймісің!
Бұл майданда көп ірілік сөйлеме,
Сол сөзбенен бізді қорқар деймісің.

Пәруардігер басқа салды зарлықты,
Қалмақ қылмасын пейілі тарлықты.
Ашулансам мен кесермін басыңды,
Қоқан-лоқы айлаңнан әлде қорқар дедің бе,
Бастағыл Баршынға, абыройың барлықта.

Сол уақытта Алпамыс айтты:—Сен менмендікпенен үлкен сөйлеме. Алыспақ керек пе, жоқ болмаса атыспақ керек пе?

Тағы оқыңыз