Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алпамыс батырдың хикаясы (5-бөлім)

Алпамыс · 1922 жылғы Ә. Диваев нұсқасы · 2 мин оқу

Алпамыс бабасына келіп: «Қалмаққа кеткен келініңіздің ізінен кетемін, маған бір ат бер»,—дейді. Сонда бабасы: «Жақсы пейілімменен саған еншіңе айтып жүрген бір атым бар еді. Көп жылқыны үстіңнен тоғытып айдайын. Сен бір тастың тасасында жат, сенің қайратты ержігіт екеніңді білейін, өзіңе лайықтап айтқан құлынды ұстап ал. Балам, сенің жақсы екеніңді көрейін, еншіңді танып ұстасаң, қолымнан ерттеп берейін».

Енді жылқыны Алпамыстың үстінен тоғытып айдады. Алпамыс жылқының бәріне қарап жатыр. Жылқылар Алпамыстың үстінен өтіп жатыр. Өзінің атасы Байбөрі байдың көп жылқысының ішінен толып жатқан бедеуден біреуін де көңілі жаратпады. Жылқының бір қара көрінім соңында бір Байшұбар ат көрінді. Жалы құлағынан асқан, төрт аяғын тең басқан, құйрығы бір қолтық сексеуілдің шырпысындай, жал кекілі жібектей. Алпамыс жатқан ақ тастың үстінен жортып өте берді.

Алпамыс көре салып, білегіне күшін жиды, секіріп орнынан тұрды. Алпамыс сұлтан нақ он төрт жасында аттың құйрығына жолбарыстай қол салды. Алпамыс деген алып еді, жануар Байшұбар нар сияқты тізесін бүкті, қанжығалап құлағын тікті—үш мәртебе зор салды, Алпамыс жібермеді. Алпамыс алып зорлығын білдірді. Байшұбар аттың өзінің уәдесі бар еді: «Мені құйрығымнан тартып тұрғызған ер мінер» деген. Сол уәдесіне келді, «маған ие болуға жарайтын адам екен» деп тұрып қалды. Алпамыс Құлтай бабасының қасына мініп келді. Сонда Құлтай бабасы:

—Құтты болсын мінген атың,
Сен, сен—менің мәдатым.
Құтты болсын Шұбар атың,
Мойныңа таққан тұмарың,
Шапқанда тарқар құмарың.
Әр жерлерде күніңе жарар,
Шырағым, мінген Шұбарың.

Осы сөздерді айтып болған соң Алпамыс Байшұбарға тілләдан ер салды, қос тартпасын шалды.

Болаттан дабыл төңкеріп,
Артына қалқан бөктеріп.
Қарағай найза өңгеріп,
Астындағы Шұбарын,
Өз басымен тең көріп.
Құлтай атты бабадан,
Бедеудің мінді беліне.
Сапар қылды майданда,
Тайша қалмақ еліне.

Ойлы-қырлы жолменен,
Бұл жапанда шөлменен.
Ақша жүзін солдырып,
Қамқа көңлін толтырып,
Баршынжанның жолында
Мінген Шұбар болдырып.

Ендігі хабарды баяғы Тайша хан менен Қаражанның әскері Баршынға таласып, Дәрбенде деген жерде жатыр екен, содан естіңіз. Таң бозарып атып келе жатқан уақытта Қаражанның құлағына бір аттың дүбірі келді. Шошып орындарынан тұрып, Қаражан орнынан тұрды да: «Тайшаның әскері де, менің әскерім де қайтыңдар. Жақын жерге келіп қалды, қырық [мың] қол келе жатыр, иә болмаса [қырық] мың қолға татитын ер келе жатыр»,—деді.

Ау сауытым киейін,
Ат құйрығын түйейін.
Кім де болса Қаражан атым құрымаса,
Бір шетінен қиғаштап,
Аш бөрідей тиейін.

«Ит өзі ала болса да, бөрі көрсе бірігер» деген. Екі жақтың әскері де тарқасып кеткен соң Қаражан таң атқанша жол жүріп, күн шыққанша Қаражан бұл дүбірді көре алмады. Алды— тұман, арты—қараңғы, ат құлағын көрмейтін зымыстан.

Батыр Алпамыстың әруағы күшті. Қаражан Алпамысты көре алмай, астындағы қара тұлпары Алпамыс батырдың астындағы Байшұбарды көрді. Байшұбардың таразысы басым екен. Байшұбардан қорыққаннан, Алпамыстың сұсы басқанынан жолдың біресе о жағына, біресе бұ жағына шығып, қипақтап тұрған секілді болды.

Тағы оқыңыз